Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы: Қандай түзетулер енгізілген?
Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы: Қандай түзетулер енгізілген?
фото: ашық дереккөз
384
оқылды
ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» қала маңындағы жолаушылар поездарының (электр пойыздарының) қозғалысын тоқтата тұруды; жұмыс пойыздарын қоспағанда, жолаушылар пойыздарының құрамында жалпы вагондарды жасақтауды болдырмауды қамтамасыз етеді. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар қалааралық автобус, шағын автобус тасымалдарын тоқтата тұруы қажет. Көрермендер қатысатын, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өкізілетін және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметіне рұқсат етілмейді. Барлық мәдениет объектілерінің (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т. б.) қызметіне тыйым салынып, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, жиындар, синагогалар және тағы басқаларының қызметі тоқтатыла тұрады. Балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне әзірше басталмайды. Кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым сақталады. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде, ҚР БМСД №43 қаулысының талаптары сақталған жағдайда жол беріледі.