Павлодар облысында 146 жүргізуші жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған
Павлодар облысында 146 жүргізуші жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған
фото: ашық дереккөз
5,216
оқылды
Павлодар облысында 146 жүргізуші 7 жылға көлік тізгініне отыру құқығынан айырылған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жол қозғалысындағы құқық бұзушылық туралы статистиканы жариялады. «Тізімді жылдам жүруді «жақсы көретін» жүргізушілер басқарады. 2020 жылдың 7 айы ішінде 9731 жүргізуші жылдамдықты асырған. Қауіпсіздік белдігін елемейтін жүргізушілер де олардан қалысы емес, олар – 4 593 адам. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер - екі тең жол қозғалысына қатысушы және барлық жол қозғалысы ережелеріне бірдей бағынады. Өкінішке орай, жаяу жүргіншілер ережелерді қатаң сақтай алмайды. 7 ай ішінде белгіленбеген жерде жүру бөлігінен өткені үшін 3 544 тұрғын жауапқа тартылды, - делінген хабарламада. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына жол жүргені үшін облыстың 1 894 тұрғынына қатысты әкімшілік материалдар толтырылған. «Жыл басынан бері 734 жүргізуші мас күйінде бола тұра рөлге отырған. Оның ішінде 146 адам 7 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылды. 766 жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды», делінген хабарламада.