«Бавариядан» жеңілген «Барселона» бас бапкерін қызметінен босатты
«Бавариядан» жеңілген «Барселона» бас бапкерін қызметінен босатты
Фото: Интернеттен алынды
346
оқылды
«Барселонаның» бас бапкері Кике Сетьен қызметінен кетеді. «Барселона» Лиссабонда Чемпиондар лигасының ширек финалында мюнхендік «Бавариядан» 2:8 есебімен жеңілген болатын. Осылайша, каталониялық клуб 1946 жылдан бері алғаш рет сегіз гол жіберген. Сетьенмен бірге клубтан спорт директоры Эрик Абидаль да кетуі мүмкін екені хабарланды. Франциялық маман «Бавариядан» жеңілген соң бапкерді қолдағаны үшін отставкаға кетуі мүмкін.  Алдын ала жеткен мәліметтер бойынша, Сетьеннің орнына келетін кандидаттар тізімінде «Тоттенхэмнің» бұрынғы бапкері Маурисио Почеттино, Нидерланд құрамасының бас бапкері Рональд Куман және «Барселонаның» бұрынғы капитаны, қазір «Әл-Садд» командасын жаттықтыратын Хави бар. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.