Әр дәрігер 30 онлайн-кеңес өткізеді
Әр дәрігер 30 онлайн-кеңес өткізеді
Фото: Интернеттен алынды
228
оқылды
Қала тұрғындарының қауіпсіздігі және медициналық мекемелер аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, қалалық емханаларда онлайн-кеңестер ұйымдастырылды. Кеңес алу барысында пациенттер емделуге тағайындаулар алып, анализ тапсыруға және жоспарлы  түрде ауруханаға жатқызуға жолдама алды.
«Онлайн кеңес жақсы нәтиже берді. Науқастардың шағымдарын, жан-жақты берілген мәліметтерін тыңдау арқылы антибиотикотерапия қажет пе, жоқ па, соны анықтауға болады» деді Лаура Малдыбаева.
Ол онлайн-кеңес дәрігерлерге науқастарды қадағалауға, уақтылы көмек көрсетуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Онлайн-кеңестер маусым айынан бері өткізіліп келеді. №5 қалалық емхананың 3000-нан астам пациенті, оларды қызықтыратын мәселелер бойынша онлайн-кеңес алды. «Күніне бір дәрігерге 30 онлайн-кеңес беріледі. Кеңестер түрлі бағыт бойынша жүргізіледі. Көбінесе пневмония, ентігу, кеуде аймағындағы ауырсыну, дене қызуының жоғарылауы мәселелері бойынша кеңес беріледі. Әсіресе терапевтік бағыт бойынша кеңес алуға жүгінетіндер көп», – деді Лаура Малдыбаева.