"Карантин қайта оралуы мүмкін": ДСМ ресми өкілі себебін айтты
"Карантин қайта оралуы мүмкін": ДСМ ресми өкілі себебін айтты
© сурет интернеттен алынды
225
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда бүгіннен бастап карантин алынып тасталғанына қарамастан, санитарлық талаптар сақталмай, науқастар саны артқан жағдайда шектеу шаралары қайта енгізілуі мүмкін екенін айтты.
"Бәрі қоғамға, азаматтарымыздың санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауына байланысты. Егер маусым-шілде айларындағыдай жағдай қайталанып, эпидемиологиялық жағдай нашарласа, қайтадан карантин енгізуге мәжбүр боламыз", - деді ол ОҚК-де өткен онлайн-брифингте.
Еске салай кетейік, Қазақстанда бүгіннен бастап карантин шаралары ресми түрде алынып тасталды.