Цой 13 модульдік жұқпалы аурулар стационары салынатынын айтты
Цой 13 модульдік жұқпалы аурулар стационары салынатынын айтты
Фото: Интернеттен алынды
255
оқылды
«Биыл маусым-шілдесінде коронавирус инфекциясы таралуының өте күрделі тәжірибесі бәріміздің есімізде. Ол кезде медицина ұйымдары пациенттер көптігінен, қабылдап үлгере алмай қалды. Алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу үшін және корнавирустың орын алуы мүмкін жаңа толқынына инфекциялық қызметтерді дайындау мақсатында Ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағыдай 2,7 мың төсек-орынға арналған жаңа 13 жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылдады», – деп жазды.
Оның айтуынша, стационарлар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында салынады.