Жапондық инфекционистер ғылыми қоғамының пікірінше, қазір Жапонияда коронавирустық індеттің екінші толқыны өтіп жатыр, - деп хабарлады 24.kz.
«Біз қазір екінші толқынның ортасындамыз. Жағдайдың одан әрі өзгеруін мұқият бақылау керек. Елде де, Токиода да инфекцияның шарықтау шегі өтіп жатқан сияқты. Болжам бойынша, үшінші және төртінші толқын да болады. Біз коронавирус жағдайында өмір сүруге үйренуіміз керек», - деді қоғам төрағасы Кадзухиро Татэд.