Ішімдік, темекі сатып аларда жеке куәлік ұсынуды міндеттейтін ереже өзгерді
Ішімдік, темекі сатып аларда жеке куәлік ұсынуды міндеттейтін ереже өзгерді
Фото: Интернеттен алынды
334
оқылды
Сауда және интеграция министрлігі «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығын өзгертті. ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 110-бабына сәйкес алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын, (қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасы) сатушы сатып алушыдан жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге, егер құжат ұсынылмаған жағдайда аталмыш тауарды сатудан бас тартуға құқылы. Жаңа кодекс қабылданғаннан кейін алкоголь мен темекі өнімін сатып алу кезінде барлық сатып алушыға жеке басын куәландыратын құжаттын ұсыну қажеттілігіне байланысты азаматтардың шағымы жиілеп кеткен. «Кодекс бойынша барлық сатып алушы сатушы оның жасын анықтау үшін жеке басын куәландыратын құжатын ұсынуға міндетті. Егер құжатты тексергеннен кейін сатып алушының жасы 21 жастан асқан болса, тек осы жағдайда сатушы тауарды сатады» делінген хабарламада. Алкоголь мен темекі сатып алатын адамның 21 жасқа толғанына сатушы күмәнданған жағдайда ғана жеке басын куәландыратын жеке куәлікті талап етеді.