Қытайда оқитын шетелдік студенттер биыл оқуын жалғастыра алмауы мүмкін
Қытайда оқитын шетелдік студенттер биыл оқуын жалғастыра алмауы мүмкін
Фото: Интернеттен алынды
290
оқылды
Оқуға барған кезде коронавирусқа шалдықпағанын дәлелдейтін құжаты болуы тиіс. Қытайдың Білім және Денсаулық сақтау министрліктері бірлесіп, осындай жаңа тәртіп енгізді. Еске сала кетейік, Қытай шетелдік студенттердің елге кіруіне наурыз айында тыйым салған. Бұл шектеуден қызметтік және дипломатиялық төлқұжаты бар, «С» дәрежелі визаға ие шетелдік азаматтар ғана босатылған. Тамыз айынан бастап осы елде уақытша өмір сүруге рұқсаты бар Еуропаның 36 елінің азаматтарына виза беріле бастады.