Сапалы білім – табыс кепілі
Сапалы білім – табыс кепілі
414
оқылды

Жыл сайынғы Мемлекет басшысының Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан ары жақсартуға бағытталған басты құжат болып есеп­теледі. Осы жолғы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы да дәстүрді үзбеді. «Сыңдарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұ­рақ­­тылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жол­дауда әлеуметтік салаға зор назар аударған. Соның бірі – білім саласы. Қоғамда адам капиталы маңыз­ды фактор десек, оны дамытуға үлес қосатын са­ланың бірі – білім. Ал сапалы білім – табыс кепілі. Міне, еліміздегі білім, оның орны, дамуы секілді мәселелерді Шиелі индустриалық-аграрлық колледж директоры Мейрамхан Дүйсеновпен аз-кем әңгімелесудің орайы келді.

– Мейрамхан Мұсаханұлы, Тамыз кеңесінде Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнаулы оқу орындарын жаңар­туда – уақыт талабы мен еңбек на­рығының қажетіне қарай жүр­гізу керегін, сондай-ақ дуал­ды оқы­туды дамытумен страте­гия­лық бағдарламаларды іске асы­руды тапсырды. Осы мін­деттерді орындауда колледжде қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

– Рас, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз ке­ңе­сінде бұл тапсырмаларды мін­деттеді. Сонымен бірге Президент еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, маман даяр­лаудың отандық жүйесін нақты еңбек нарығында қалыптастыруды, оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беруді, қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің алшақтығын бол­дырмауды, сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету керегіне баса на­зар аударған. Бұл міндеттерді орындау жолында біз бар күш-жігерімізді жұмсаудамыз.

Біздегі білім беру сапасын жақ­сарту, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу мәселесіне жан-жақты атсалысудамыз. Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің рейтингі жа­салып отырады. Биыл біздің оқу орны Қазақстандағы агротехни­калық колледждер рейтингінде 3-орында тұр. Оның өзі үлкен же­тістік. Сонымен қатар оқытыла­тын 8 мамандық бойынша аккре­диттеуден өтіп, мекеме мен өнді­ріс, өндіріс пен теорияның біте қай­насқанын, білімнің қара шаңы­рағына айналғанын дәлелдедік. Қазір колледжіміз еңбек нары­ғында бәсекеге қабілетті жас ма­ман­дар даярлауда. Оған қоса, аграр­лы-индустриалды саланы да­мытуға үлес қосудамыз.

– «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасын ілгерілету бойынша колледжде қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясын­да «Руханият» тарихи өлкетану кабинетін аштық. Ол жерде жер­гілікті өңірдегі қасиетті орындар­ды, ел ішінде танымал адамдарды, ел арасында есімі ұмыт қалған тұлға­ларды, қолөнер бұйымдарын, ескерт­кіштерді жинақтап, толық мағлұматын жазып қойдық. Мұн­дағы мақсатымыз – өскелең ұр­паққа ұмыт болған дүниелерді қайта жаңғыртып, халқымыздың өткен тарихынан бергі өмір дағ­дысы мен қалыптасуына тереңінен бойлату. Оған қоса, кітап – рухани азық. Сондықтан сөрелердің біре­уінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың кітаптары, Қазақстан халқына жолдаған Жолдаулары мен ма­қалалары жинақталса, келесіде – Қызылорда облысы бойынша ғасыр адамы атанып, ел алдында абыройлы болған азаматтардың жетістіктері туралы және Шиелі ауданынан шыққан ақын-жазу­шылардың кітаптары мен шығар­малары қойылған.

«Рухани жаңғыру» бағдар­ламасын ілгерілету бойынша кол­леджде атқарылатын жұмыстардың іс-жоспары жасалып бекітілген. Жоспарға сәйкес, Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақа­ласының «Тарихи сананы жаң­ғырту», «Ұлы даланың ұлы есім­дері», «Түркі әлемінің генезисі» жайлы айтылған. Соған орай, колледж оқушылары еліміздегі тарихи жерлер туралы тереңірек танысу үшін Түркістан облысын­дағы орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен аты аңызға айналған Үкаша ата кесенесіне барып қайтты.


Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақа­ласының «Тарихи сананы жаң­ғырту», «Ұлы даланың ұлы есім­дері», «Түркі әлемінің генезисі» жайлы айтылған. Соған орай, колледж оқушылары еліміздегі тарихи жерлер туралы тереңірек танысу үшін Түркістан облысын­дағы орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен аты аңызға айналған Үкаша ата кесенесіне барып қайтты.


Мәселен, №9 «Ауылшаруа­шылық өндірісіндегі тракторист-машинист» оқу тобының білім алу­шыларымен Еңбекші елдіме­кенінде орналасқан Егеулі әулие басына зиярат етуге бардық. Ауыл тұрғыны Берікқара ақсақалдың айтуынша, Егеулі деген шаруа адамы болған. Ол кісінің еккен дәнді дақылдарының өнімі көл-көсір болыпты. Күндердің бір кү­нінде оның егіс алқабына қал­мақтар шауып, піскен қауын, қарбызын тойғанынша жеп, қалғанын ат аяғымен таптап, жарамсыз қылып кеткен. Бұл жағ­дай бірнеше рет қайталанған. Сон­да шаруа ызаланып, «қауын-қар­быз­дарымды жау жегенше, тасқа ай­налсын» деп тасқа айнал­ды­рып жі­береді. Жау қайта кел­ген­де же­міс­тердің тасқа айнал­ғанын көріп, шаруаның кепесіне баса көк­теп кіріп, өлтіріп салады. Сол кез­де жер­ге төгілген қан судай ақ­қан де­седі. Міне, сол жер «Егеулі әулие» жері болып аталып кеткен екен. Егеулі әулие басында құдық бар. Содан су ішіп, тілек, дұға қы­лып, дертке шипа іздеп баратындар көп.

– «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, ел үшін еңбек етіп, тағдырын ­хал­қымен байланыстыратын ­жан­дар баршылық. Сондай адам – өскелең ұрпаққа үлгі. Аудандағы осындай азамат­тар­ды атай аласыз ба?

– Оқу орнымыздың материал­дық-техникалық базасын нығай­тып, оқып жатқан оқушыларға әр­түрлі көмек жасап жүретін ­жан­дар жоқ емес, бар. Соның бірі және бірегейі – Махмұд Нәлібаев. 60-70 жылдары Махмұдтың әкесі Ыбы­рай осы оқу орнын басқарған еді. Әкесінің бастаған жолын үзбей, жалғап жатыр. «Марсель-GRОUP» ЖШС компаниясының бас ди­рек­торы, өте жанашыр жан. 2008-2012 жыл аралығында Оң­түстік Қазақ­стан мен Қызылорда об­лыстарының денсаулық сақтау са­ласына, спортқа, жол құрылы­сына, әлеуметтік нашар қамта­масыз етілген отбасыларға, ба­лалар үйіне, соғыс ардагерлеріне, тарихи орындарды абаттандыруға облыс әкімдіктерімен келісе отырып, 347 000 млн теңге қар­жы­лай қол­дау көрсетілген.

Соның ішінде біздің колледжге 2011 жылы Ыбырайхан Нәлібаев атындағы жүлде тағайындап, 10 ко­манда арасында спорттың үш түрінен жарыс өтіп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Кәсіпкерлікпен қоса, ол – қоғам­дық салада Кеңес Одағының Ба­тыры, Халық Қаһарманы, ұлт мақ­танышы, еліміздің тұңғыш Қор­ғаныс министрі Сағадат Нұр­мағамбетов атындағы Халықа­ралық қайырымдылық қоғамдық қорының төрағасы. Осы мақсатта Елбасының 2050 бағдарламасы аясында өткенді жаңғыртып, ұлт мақтанышына айналған тарихи тұлғаларды жас ұрпаққа насихат­тау жұмысын жүргізуде. Мысалы, Шиелі өңірінде дүниеге келген сегіз қырлы, бір сырлы тұлғалар М.Шоқай, Б.Қабылұлы, Н.Беке­жанов, Ы.Жақаев, Ш.Есенов, Қ.Қал­менов, Ш.Бәкіров, Ы.Нәлі­баев сынды тұлғалардың еңбек­терін жас ұрпақтарға дәріптеп, әкелер сабақтастығын жалғастыру мақсатында патриоттық іс-шара өткізілді. Сол кездегі асыра сілтеу саясаты зардабынан мыңдаған жазықсыз адамның қаны мен көз жасына толған күндер тарих сахнасында үлкен мұңмен жазы­лып қалды. Аудан жұртшылығы репрессия құрбандарын еске алу мақсатында М.Шоқай алаңына жиналып, жазықсыз жапа шеккен азаматтардың құрметіне ескерткіш алдына гүл қойып, құран бағыш­тап, дұға оқыды. Тіпті, қор атынан колледж оқушыларына шәкіртақы тағайындалған да болатын. Осын­дай азаматқа айтар алғысымыз шексіз.

– Бүгінде оқу орынның жет­кен жетістігі мен оң нәтижелері қандай?

– Құдайға шүкір, осы күнге де­йін жеткен жетістіктеріміз ұлан-асыр. Бәрін тізбектеп айтсаң, уақыт та жетпейді. Дегенмен былтыр оқушыларымызбен бірге мұғалімдердің де алған марапаты жетерлік. Мәселен, «Өрлеу» бі­ліктілікті арттыру ұлттық орта­лығы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Білім беру ұйымдарындағы ро­ботты техника» тақырыбындағы об­лыстық көрмеге қатысқан жал­пы пән оқытушысы Жанар Байдра­манова және білім алушысы Ораз Асанбайұлы сертификатқа ие бол­ды. Сонымен қатар былтыр ма­мыр айында Қызылорда «Бо­лашақ» университеті колледжінің ғылыми-конференция залында «Қыз­мет көрсету, құқық және өнер мамандықтар пәндері» циклдік бірлестігінің оқытушыларының ұйымдастыруымен «Рухани жаң­ғыру: білім мен бірліктің дамуы» атты апталық аясында Кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындарының білім алушылары арасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала­сының «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қызылорда облысының тарихи ескерткіштері» тақыры­бындағы ғылыми-теориялық кон­ференцияға қатысқаны үшін сту­дент Гүлсезім Амал және жетек­шісі Г.Жүнісбекова облыстық оқу орталығының сертификатын алды. Сол жылдың сәуір айында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, бі­лім беру және сауықтыру орталы­ғының ұйымдастыруымен өткен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгер­шілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа бағыттары» тақырыбындағы әдістемелік семи­нарға қатысқаны үшін Бақтияр Дайрақұлов, өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Г.Досымова серти­фикат алған.

 

Әңгімелескен
Миуа БАЙНАЗАРОВА,
Қызылорда облысы