Алматыда бетперде киген қарақшылар жанармай бекетіне шабуыл жасады
Алматыда бетперде киген қарақшылар жанармай бекетіне шабуыл жасады
фото: ашық дереккөз
206
оқылды
Алматыда бетперде киген үш адам жанар-жағармай бекетінде қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды polisia.kz. Полицейлер хабарлама алысымен жедел-іздестіру шараларын бастаған. Анықталғандай, маска киген үш ер адам таңсәріде Алматы қаласының аудандарының бірінде орналасқан жанармай құю бекетінің ғимаратына кірген. Олар тапаншаны қолданатынын айтып қорқытып, 52 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденген. Кейін белгісіз бағытта із суытқан. «Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қылмысты жасаған екі ер адам ұсталды. Олар Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты, біреуі бұрын сотталған. Күдіктілер Алматы қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіге қатысты оны іздеу және қамауға алу шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.   https://youtu.be/0uajDfC0HEQ