«Құрметті азаматтар» есімі белгілі болды
«Құрметті азаматтар» есімі белгілі болды
377
оқылды

Түркістан облысында мәслихаттағы Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының кезекті мәжілісі өтті. Жиында түрлі бағыттағы 26 мәселе фракция мүшелерінің талқысына салынды.

Мәжіліске облыстық мә­сли­хаттың хатшысы Қайрат Балабиев, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен фракция мүшелері және басқарма басшылары қатысты. Фракцияны жаңадан сайланған жетекші Мұрат Төлтебаев жүр­гізді.

Мәжілісте, ең алдымен, депу­таттар Nur Otan партиясының депутаттық фракциясы жетекші­сінің орынбасары ретінде Алмас Салимовты сайлады.

Күн тәртібіне сәйкес бірқатар мәселені, соның ішінде Түркістан облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын және әкімдік жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту, алтыншы шақырылымдағы Түркістан об­лыс­тық мәслихатының кезекті сес­сиясына төраға сайлау сияқты түрлі бағыттағы 26 мәселені қара­ды.

Жиында «Жергілікті мемле­кеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту» және «2019-2021 жылдарға ар­налған облыстық бюджет» ше­шіміне өзгерістер енгізу мәсе­лелері бойынша Түркістан облы­сының стратегия және эко­но­микалық даму басқарма­сының басшысы Арман Абдуллаев пен денсаулық сақтау саласына қа­тысты мәселелер жайында об­лыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және құрметті азаматтардың тізімін ұсыну үшін облыс әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков арнайы баяндама жасап, сөз сөйледі.

Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсы­нылған тізімде: Бейбіт Атам­құлов – Сыртқы істер министрі, Нұрғали Әшімов – Парламент Мәжілісінің депутаты, Ұлықпан Бәшенов – еңбек ардагері, Тамара Дүйсенова – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысы, Ханбибі Есенқарақызы – ақын, еңбек ардагері, Юрий Кирюхин – еңбек ардагері, Сайдулла Қожабаев – «Кентау трансформатор зауыты» АҚ ди­рек­торлар кеңесінің төрағасы, Мирильяз Миркадиров – еңбек ардагері, Омарбек Нұржанов – еңбек ардагері, Қайырбек Өскенбаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму бі­рінші вице-миниистрі, Мұрат Тағаев – «Ордабасы Құс» ЖШС бас директоры, Байділда Жылқышиев – Парламент Мәжілісінің депутаты, Бекасыл Төлендиев – «ART Құрылыс» ЖШС директоры, Марат Тұяқбаев – еңбек ардагері, Жансейіт Түймебаев – Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орын­басары – хатшылық мең­ге­ру­шісі, Өстемір Тілеген – еңбек ар­дагері, Ибадулла Үмбетаев – «Қазақмақта» ғылыми-зерттеу институтының директоры, Анна Шаля – ҰОС ардагері, Лесбек Тәшімов – Ұлттық ғылым академиясының академигі, про­фессоры бар. Аты аталған аза­маттарды марапаттау бойынша фракция депутаттары ұсыныс­тарды бірауыздан қолдады.

Сондай-ақ жиынның тағы бір айта кетерлігі, депутаттар ха­­­лықтың мәселесін шешіп, әлеу­е­тін жақсарту үшін енді мем­­ле­­кеттік бюджетке енгізуге қа­ра­­мастан, қайырымдылық жасап жарыспақ.

 

Түркістан облысы