Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қайырымдылықтың басты ерекшелігі – көмектің түрін, уақыты мен орнын, сондай-ақ мазмұнын (мақсатты) ерікті түрде таңдау.
Осыған орай, «Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына және мүмкіндігі шектеулі жандарға құқықтық кеңес беру» ниетімен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Алматы қаласы, Медеу аудандық «Nur Otan» партиясы филиалына қарасты «Абай» бастауыш партия ұйымының төрағасы Такир Балықбаевтың бастамасымен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.
Қайырымдылық шарасы барысында пандемия кезінде туындаған құқықтық мәселелер бойынша (әлеуметтік көмек алу, жұмыстан босату және жалдау, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тарту) Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Құқықтану кафедрасының жоғары білікті заңгер-оқытушылары тегін заңгерлік кеңес береді.
Қайырымдылық акциясы 2020 жылдың 27 тамызында сағат 10:00-де Алматы қаласындағы Жамбыл көшесі, 25 мекенжайы бойынша басталады. Эпидемияға қарсы ережелерге сәйкес кеңес алу үшін 8 (702) 803 88 73, 8 (747) 772 74 32 байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.