2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі зейнеткердің саны 2 миллион 190 мың адамды құрады. Оның ішінде 43 мыңы жаңа зейнеткер.
Базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 2018 жылғы 1 қыркүйекке 85 679 теңгені құрады. Ол ұқсас кезеңмен салыстырғанда 5,5%-ға жоғары.
2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемдерін алушылар 2 млн 171,2 мың адам. Ал ынтымақты зейнетақы төлемдерін шамамен 2 млн 190,1 мың адам алады.
Биылғы қаңтардан тамызға дейін республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 469,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 029,7 млрд теңге бағытталды.