Қазақстанға арналған 5 қол сағаты (фото)
Қазақстанға арналған 5 қол сағаты (фото)
792
оқылды

Елімізге арналып жасалған дүние қашанда жақсы ғой. Себебі, ол мемлекетіміздің символына айналады. Әсіресе, әлемге танымал брендтердің елімізге арнаған өзгеше сағаттарды көрсетуді жөн көрдік.


Ulysse Nardin Caspian Sea сағаты дайверлік сериядан шыққан. Негізінен Каспий теңізіне арналып жасалған дүние болғандықтан сағат та теңіз стилінде дайындалған. Мәселен, циферблат пен сағаттың бауындағы декоративті элементтерден теңіз толқынын көруге болады.

 Үлкен және кіші циферблаттағы сағат тілі мен сандар көгілдір түспен боялған. Бұл тудың түсімен ғана емес, теңіз толқындарының белгісі іспеттес. Ал төменгі циферблатта сарғыш түспен Caspian деп жазылса, сағаттың бауында да Caspian Sea деген жазбасы оюланған. Бұл сағаттан 20 дана ғана шығарылған.




Girard-Perregaux Black Hawk Kazakhstan – Қазақстанға арналып жасалған алғашқы сағаттардың бірі. Әлемге танымал швейцарлық Girard-Perregaux негізінде дайындалған. Бұл сағат тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнайы жасалған. 

Мәселен, туумыздың түсін сағаттағы минуттың бөлінуін көгілдір түспен көрсеткен. Ал циферблаттың тура ортасында Kazakhstan деп жазылған. Кіші циферблаттың ішінен Қазақстанның символикасы күн мен қыранды көруге болады. 

Сағаттың артында Kazakhstan Limited Edition деген жазба, жеке нөмірмен көркемделген. Негізі, бұл сағат спорттық стильде жасап, 10 дана ғана шығарылған.



DeWitt Kazakhstan SW7 моделі ұлы жібек жолының елдеріне арналған DeWitt линиясының алғашқы сағаты.

Циферблаттың диаметрі бойынша еліміздің гербін де көлемді қойған. Мұны DeWitt сағатының манифактурасын жасайтын шеберлер қолдан жасаған екен. Ал көгілдір фонның үстінен елтаңбаны алтынмен жалатып, циферблаттың айналасын қара түсті болатпен жабылған. 

Бұл сағатты басқалардан өзгеше етіп отырған да осы нәрсе. Сағат тілдері қылыштың жүзіндейпішінде дайындалған. Циферблаттың қақ ортасында, Елтаңбаның үстінде DeWitt сағатының логотипі көрсетілген.

 Бұл – ұлтшыл азаматтарға нағыз сыйдың өзі. Бұдан бар-жоғы 7 дана шығарылған екен.


А. Lange Söhne 1 Time Zone сағаты болса бар-жоғы бесеу ғана шыққан. Онда да ақ және қызғылт алтыннан тұрады. Бұл Қазақстанның 10 жылдығына арнайы жасалған дүние. 

Оны сағаттың артқы корпусынан «Қазақстанға 10 жыл» деген естелік жазбадан байқауға болады. Мұның ерекшілігі – қар барысын қолдан ойып тұрып жасалған. 

Осы арқылы A. Lange & Söhne компаниясы өзінің Қазақстанда барын ккөрсетіп, Lange 1 Time Zone атты арнайы моделін шығарған.




Ulysse Nardin Altyn Adam сағаты бір-ақ данамен шығарылған. Эксклюзивтің нақ өзі. Сағаттың циферблатында Алтын адам бейнеленген. Ең үздік деген шеберлердің швейцарлық негізде орындалған дүниесі.

 Ал сағаттың артында Қазақстанның туы салынып, «Altyn adam unique piece» деген жазбасы бар. Сағаттың бауы аллигатордың терісінен жасалып, қысқышы қызғылт алтыннан дайындалған.