Елбасының бастамасымен биыл Жастар жылы жарияланды. Осы аралықта мемлекет тарапы жастарды жан-жақты қолдап, жағдай жасап келеді. Ол жағынан Қызылорда да қалыс қалып жатқан жоқ.
Мәселен, қала жастарына ең үлкен тарту – сол жағалаудағы жаңа қаладан заманауи үлгіде Жастар орталығы ашылып, пайдалануға берілді. Қалалық жастар ресурстық орталығы осы ғимаратқа орналастырылды. Мұнда қала жастарының бас қосуына, бос уақытын тиімді пайдалануына барлық жағдай жасалған. Оған қоса, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша биыл 109 маманға көтерме жәрдемақы үшін 19 млн теңге бөлінген. Ал соның 52 маманына баспана алу үшін 197 млн теңге жеңілдетілген несие берілді. Мысалы, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 727 млн теңге құрайтын 121 жоба қолдау тапты. Оның ішінде 469 млн теңгені 70 жобаға қаржыландырылды. Бұл көрсеткіш өткенмен салыстырғанда, 14 пайызға артқанын көрсетіп отыр.
Жастарды қолдаудың тағы бір жолы – кәсіпкерлікті дамыту. Мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Соның арқасында шағын және орта бизнестің көлемі ұлғайып келеді. Сол бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттен қайтарымсыз гранттар берілді. Осы бойынша 19,4 млн теңгеге 78 жоба мақұлданған. Ал «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Өңірлік үйлестіру кеңесінен» 1,2 млрд теңгені құрайтын 28 жоба қолдау тапты. Жалпы, өңірдегі жаппай кәсіпкерлік дамыту бойынша айтарлықтай өзгерістер бар.
Осы үш жыл ішінде қаладағы бизнес климаты жақсарып, шағын кәсіпкерлік дами бастады. Оған дәлел, облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тең жартысы, яғни 50,8 пайызы
Қызылорда қаласына тиесілі. Жыл басынан бері жаңадан тіркелген 1,5 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісінде 1 600 жұмыс орны ашылды. Қазақстанда индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында соңғы үш жылдықта бірнеше ірі жоба іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Қызылорда қаласы бойынша өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына 62,5 млрд теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 1 жоба республикалық картаға енгізілсе, қалған 7 жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енді. Жобалар толық іске қосылғанда 1 190 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Олардың қатарында «Жан Арай Жем» ЖШС-ның «Қуаттылығы тәулігіне 80 тонна құрама жем зауыты» жобасы, «Максима Логистикс Қазақстан» ЖШС-ның «Керамикалық кірпіш өндіретін зауыт құрылысы», «Азиаш» ЖШС-ның «Сэндвич панел өндіру», «Узаков» ЖК-ның «Қабырғалық және тротуарлық материалдарының өндірісі», «Ақ-Мерген» ЖШС-ның «Стенділік атуға арналған атқыштар кешенін ұйымдастыру», «РМЗ –Шапағат» ЖШС-ның «Үй құрылыс комбинаты» және «Газ Трейд» ЖШС-ның «Автомобильді газбен толтыру бекетінің құрылысы» жобалары бар.
«2015-2019 жылдарға арналған Индустриялды-инновациялық дамытудың» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласы бойынша өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына 67,8 млрд теңгені құрайтын 8 жоба енгізілді. Бағдарламаның екінші бесжылдығында индустрияландыру картасына жалпы құны 59,4 млрд теңгені құрайтын 19 жоба жүзеге асыру енгізілген. Оның қатарында «Шыны шығару зауыты», «Темір-бетон бұйымдарын шығару», «Асфальт-бетон зауыты», «Электронасос қондырғыларын жинау цехы», «Полимерлік құбырлар өндіру зауыты», «Ферроқорытпа зауыты», «Мұнай өнімдерін өңдеу зауыты» және басқа да жобалармен толығуда.
Қызылорда да инвестициялық саясаттың негізгі басымдығы – инвестициялық жобалардың жүзеге асыруына шетелдік және отандық инвесторларды тарту. Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту саласында, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда шетелдік қаржы институттарымен ынтымақтастықты нығайту туралы тапсырмасына сәйкес қаржы ұйымдарымен қарым-қатынас орнатылып, Еуропалық қайта құру және даму банкімен Қызылорда қаласының инфрақұрылымын дамытуға негізделген несиелік келісімдерге қол қойылғаны көптің жадында. Нәтижесінде, келісімдер бойынша Қызылорда қаласының электр, жылу және су желілерін, көшелерді жарықтандыру жүйесін қайта жаңғырту, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауыты жобалары аясында қала бойынша бірнеше айтулы жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ биыл жыл басынан бері негізгі инвестицияға салынған қаржы көлемі 48 891 млн теңгені құрады.
«Бизнестің жол картасы – 2020» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау және лизингтік компаниялармен көрсетілетін қызмет қарызға алынған қаражат есебінен қаралатын болады. Мемлекеттік органдардың барлық қызметінің негізгі қағидалары жас кәсіпкердің қызметін қолдау мен дамытуға бағытталуда. Сондықтан ең бастысы бизнеспен айналысу ережесі қарапайым, оңай әрі түсінікті. Бастысы бизнеспен айналысып жатқан жастарға қоғамның көзқарасы оң болуы керек. Адамды еңбекке баулып, табысқа қарай ұмтылысына ынталандырып қолдау қашанда пайдалы. Абай атамыз айтқандай, маңдайымыздан аққан терімізді сатуымыз қажет. Жастарға кәсібінің нағыз маманы болуға және өз бастамасын жүзеге асыруға мүмкіндік пен жағдай жасасақ болғаны. Ал табысты болу – жас кәсіпкердің еншісінде.
Миуа БАЙНАЗАР,
Қызылорда облысы