Тексерістен соң 48 628 890 теңге айыппұл салынды
Тексерістен соң 48 628 890 теңге айыппұл салынды
Фото: Интернеттен алынды
196
оқылды
Анықталған бұзушылықтар бойынша түскен құжаттар негізінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 425-бабының 1-тармағына сәйкес,  436 хаттама толтырылып, 48 628 890 теңге көлемінде айыппұл салынды. Жалпы құқық бұзушылық фактілерінің 21,1% кәсіпкерлердің жұмыс уақытын бұзу фактілері, 16,7% бетперде кию тәртібін бұзу, әлеуметтік дистанцияны сақтамау – 25,7%, дене қызуын өлшемей қызметкерлерді жұмысқа жіберу – 5,5%, жұмыс істеуге рұқсаты жоқ нысандардың жұмыс істеуі – 2,4% және басқада құқық бұзушылықтар.Облыс тұрғындарының да қаулыларды бұзу фактілері де кездесуде. Олар той-садақа, отбасылық шараларын әлі де болса жалғастыруда. Сондықтан Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыс тұрғындарын коронавирус инфекциясының алдын алу үшін мерекелік шараларды, той, отбасылық шараларын тоқтата тұру керектігін, бетперде тағу, қолды жиі жуу, антисептиктерді пайдалану және әлеуметтік дистанцияны сақтау талаптарын орындауға шақырады. Кәсіпкерлік субъектілеріне коронавирус  инфекциясының алдын алу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың қатаң орындалуын қадағалау керегін ескертеміз.