Бұл жөнінде Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) ресми мәлімдеді. Кейінге қалдыру туралы шешім пандемияға байланысты қабылданған.
Универсиада 2021 жылдың 21-31 қаңтар аралығында өткізілуі тиіс еді. Дүбірлі доданың қашан өтетіні жайында әзірге нақты шешім жоқ.
Алдағы екі айдың ішінде мамандар бұған байланысты нақты шешім қабылдамақ.
Ал 2023 жылғы қысқы Универсиада АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтеді деп жоспарланған.