Кандидаттың көпшілігі – жастар
Кандидаттың көпшілігі – жастар
162
оқылды
Атап айтсақ, 17-28 та­мыз аралы­ғын­да  облыста  праймеризге қатысу үшін 853 үміт­кер құжат өткізсе, оның  243-і – 35 жасқа дейінгі жастар.  Ал әйелдер қауымынан 308 (36.1%) үміткер тіркеуден өтті. Сондай-ақ  42 көпбалалы ана бар. Одан бөлек,  9 мүмкіндігі шектеулі азамат партияішілік сайлауға қатысады. Бір орынға үміткерлердің ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында  18 адам болса,  Жамбылда бір орынға 6 үміткерден келеді. 7 қыркүйектен бастап прай­­­ме­риздің келесі кезеңі – үгіт-насихат басталады. 14-30 қыр­күйек ара­лығында онлайн ре­­­жим­­де жария пікірсайыстар өтеді. Партияішілік іріктеудің жеңім­­­паз­дары Мәжіліс пен бар­лық деңгейдегі мәсли­хат­тарға ар­­налған партиялық тізім­дерге енгізілетін болады. Ал ірік­теуден өтпеген, бірақ елеу­лі қолдауға ие болған аза­маттар партияның жаңа кадрлық резервіне енеді.  

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы