Бір жүргізуші жұмыстан шығып, үшеуіне сөгіс жарияланды
Бір жүргізуші жұмыстан шығып, үшеуіне сөгіс жарияланды
© сурет интернеттен алынды
275
оқылды
Алматыда өткен айда автобустарда маска режимінің сақталуын бейнебақылау камералары арқылы қадағалайтын пилоттық жоба іске асырылды. Осы аралықта 2 маршруттың 4 автобусына 8 камера орнатылды (№120 және №63). Нәтижесінде 1773 жолаушы маска режимін бұзған, оның ішінде 1106 адам маскасыз жүрген, 667 адам масканы дұрыс тақпаған. Жұмыс барысында 1 жүргізуші жұмыстан шығарылып, 3 жүргізушіге сөгіс жарияланды. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін Алматы қаласы «Көлік холдингі» ЖШС мен «Қазақтелеком» АҚ арасында 8 маршруттың 32 автобусына қосымша камералар орнату туралы келісім жасалды.
  1. ТП №25
  2. ТП №7
  3. №205
  4. №137
  5. №37
  6. №69
  7. №38
  8. №63
Жобаны іске асыру кезінде келесі әрекеттер жүзеге асырылды: маска режимін бұзған жолаушы туралы белгі ОДБ диспетчеріне келіп түседі. Ол бірден автобус жүргізушісіне хабар береді. Жүргізуші көлікті тоқтатып, жолаушыға маска киюді немесе салоннан шығуды ұсынады.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ