Қай банктің депозиті тиімді?
Қай банктің депозиті тиімді?
1,662
оқылды

Ақшаны теңгемен сақтайтындар басым

Шілде айының соңында депозит көлемі 4,1% - ға ұлғайып, 20 685,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жеке тұлғалардың депозиттері 9982,6 млрд теңгені құрайды. Салымшылардың басым бөлігі өз валютамызды таңдайды екен. Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 5 894,7 млрд теңгені құраса, шетел валютасында 4 087,9 млрд теңгені құрайтын депозит бар. Елімізде 1 трлн теңгеден астам салымы бар үздің төрт банк мыналар: Халық, Сбербанк, Kaspi Bank және ForteBank. Былтыр Kaspi Bank – 405,6 млрд теңге, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – 237 млрд және ForteBank – 195,6 млрд теңгенің депозиті ашылған. депозит5 Статистикалық мәліметтер бойынша қазақстандықтар қолда бар қаражатын жастықтың астына емес, банкте сақтағанды жөн көреді. Депозиттің артықшылықтары мен кемшіліктері жайында GSB UIB сарапшысы, INCON Group компаниясының операциялық директоры Жалғасбек Ақполат былай деп түсіндіреді.  width= «Қолда бар қаражатты жастықтың астына сақтағанша дипозитке салып, қандай да болсын пайда көрген артық. Бұл арқылы ақшаның сізге жұмыс жасауына мүмкіндік туады. Бүгінге қарағанда ертеңгі күн үшін ақшаның тиімділігі жоғары. Ал ақшаңызды жастықтың астына сақтайтын болсаңыз, онда ол инфляцияға ұшырайды. Күнделікті тұтыну тауарларының қымбаттап отырғанын жақсы білеміз. Осы ретте минусқа түсіп кетпеу үшін қолдағы бар қаражат пайда әкелуі керек. Мысалы, сіздің 100 теңгеңіз бар. Бұл 10 %-дық инфляциямен келесі жылы 90 теңге болады. Одан кейінгі жылы тағы да азая түседі. Осылай уақыт өткен сайын ақшаның құны жоғалады. Ескеретіні, биыл алған 100 теңгенің затын келесі жылы сол бағаға сатып ала алмайсыз. Әрқайсымыздың есімізде, бала кезімізде 25 теңгеге балмұздақ сатып алатынбыз. Қазір бұл ақшаға балмұздақ ала аласыз ба? Осыдан барап ақшаның құны ешқашан бір орында тұрмайтынын түсінуге болады»,− дейді сарапшы. Елімізде түрлі депозиттік бағдарлама ұсынатын екінші деңгейлі банктер жетіп артылады. Оларда сақтау мерзіміне қарай депозит екіге бөлінеді. Яғни, ұзақ және қысқа мерзімді. Қысқа мерзімді депозитте қалаған уақытта ақшаңызды шешіп ала аласыз. Бірақ есебіңізде белгілі бір сомада ақша қалуы керек. Мысалы, минималды сома 1000 теңге болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді депозитте депозиттік салым мерзімі аяқталғанша ақшаны шешіп алуға болмайды. Банктерге сенуге бола ма? Депозит ашқанда назар аударатын ең маңызды мәселе банк ұсынатын жылдық пайыздық мөлшерлеме. Осыған байланысты сіздің салған суммаңызға ақша қосылып отырады. Мысалы, сіз ақша салған банк депозитінің жылдық мөлшері 10% болса, онда депозитке салынған әрбір 500 теңгеден жылына 50 теңге пайда түсіп отырады. Банктер ұсынатын пайыздық мөлшерлеме олардың жүргізіп отырған саясатына байланысыты әрқалай. Негізінен Ұлттық банк бекіткен базалық мөлшерлемеге байланысты өзгеріп отырады. width= «Депозиттің артықшылығы мынада: егер сіз салым ашқан екінші деңгейлі банктер Ұлттық банктің кепілдігіне кірсе, банк банкротқа ұшыраған жағдайда салған ақшаңызды (10 млн теңгеге дейін) қайтарып ала аласыз. Екіншіден, тұрақты өсім болады. Мысалы, дипозитті ашқан кезде қандай жылдық пайыз бекітілді сол сақталады. Үшінші артықшылығы, қолжетімділігінде. Қалаған кезде банк бөлімшесіне барып, я болмаса мобльді қосымша арқылы қаражат салуға, шешіп алуға мүмкіндік бар. Депозитте ақша сақтаудың кемшілігі де бар. Біздің азаматтарымыз білуі тиіс бірқатар қағидаларды атап өтейін. Алымен сіздің салған ақшаңызды банк өзінде ұстап отырмайды. Оны қайта қаржыландыруға жібереді. Яғни, айналымда жүреді. Көптеген банктер депозитке салынған сіздің ақшаңызды, өзге несие алушыға белгілі бір пайызбен беретінін естен шығармаған жөн. Несие қайтарушылардан түскен қаражаттың 1%-ын депозит ашқандарға беріп отырады. Ұлттық банк бекіткен базалық мөлшерлеме жоғары болатын болса, банктердегі депозиттің де базалық мөлшерлемесі жоғарылайды. Ескеретіні, базалық мөлшерлеме екінші деңгейлі банктердің беретін несиесіне байланысты», − дейді Жалғасбек Ақполат. Сарапшының сөзінше, қай банк депазит ашушыларға жоғары пайыз ұсынып отырса, соның тәуекелі жоғары. Яғни, аталған банктің қаржылық жағдайы қиын болып, алдағы уақытта жабылып қалуы мүмкін. Қаражат салмас бұрын, банктердің рейтингіне назар аудауға кеңес береді. Жасыратыны жоқ, елімізде салымшылардың санына қарамастан талай банк құрдымға кеткенін білеміз. Бұл жағдай әлбетте, қарасы қалың көпшіліктің банктерге деген сенімсіздігін тудырады. «Жалақымның белгілі бір бөлігін жинап жүргеніме бірнеше жыл болды. Көлік алсам ба деген ойым бар. Ақшаны ешбір банкте сақтамаймын. Сенімсіз. Жартысын теңгеде, жартысын долларда сақтаймын. Пайда табам деп жүргенде жабылып қалса қайтем деген ой басым», − дейді Айжан есімді Нұр−Сұлтан қаласының  тұрғыны. Сарапшылардың айтуынша, әлемдік Fitch Ratings сияқты агенттіктердің рейтингінде бағалау көрсеткіші ВВВ-дан жоғары банктерге қаражат салуға болады. Бұл көрсеткіш банктің жағдайын, жабылу қаупі жоқ екенін көрсетеді. Ал одан төмен межедегі банктерге күмәнмен қарауға тура келеді. Осы ретте биылғы жылғы банктердің рейтингін төмендегі кестеде ұсынып отырмыз. депозит2 Сіз депазит ашқан банк жабылып қалса... Біздегі екінші деңгейлі банктер Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына белгілі бір мезгілде ақша аударып отырады. Аударатын сумманың көлемі әр банктің жағдайына байланысты болмақ. Егер банк жабылып қалған жағдайда салымшылардың ақшасын аталған қор өтеп береді.  Былтырдан бастап, жабылған банкке салынған ақшамен қоса, келісімдегі банктің пайыздық мөлшерлемесі де қайтарылатын болды. Бұған дейін депозитке салынған ақша ғана қайтарылған болатын. Қазіргі уақытта Қордың арнайы резервінде 509 миллиардтан астам теңге, ал ҚДКБҚ жарғылық капиталы мөлшерінің 70%-ын ескеретін болсақ, 619 млрд теңге жинақталған. Ескеретіні, 10 млн теңгеге дейін ашылған депозит қайтарылады. Бірақ бірден емес. Бастапқыда 5 млн теңге қайтарылса, кейін жабылған банктің дүние мүлкі сатылғаннан кейін қалған сумма қайтарылады. Салымшылар ақшасын кезек бойынша қайтарып ала алады. Ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 млн теңгеден аспайтын көлемде төленеді. Банктен 10 миллион теңгесін қайтарып алуға асықпайды «Астана Банкі» АҚ 2018 жылдың 18 қыркүйегінде барлық банктік операцияларды жүргізу лицензиясынан айрылғанын білеміз.  Бұл банктен депозит ашқан 268 мың салымшыларының тек 59 мыңы ғана банкке жүгінген, ал бүкіл аймақтар бойынша депозиттегі ақшасын қайтарып алғысы келетіндердің үлесі 28%-дан аспайды. Себебі, аз қалдықты шоттардың саны көп екен. Талап етілмеген депозиттердің шамамен 95%-ы  бес мың теңгеден кем сомаға, оның ішінде 80%–ы бір мың теңге шегінде екені анықталған. Салымшылар, әдетте, шағын депозит бойынша өтем алуға асықпайды. Алайда, мұндай мәселе ірі депозиттерде де бар. Әлі өтініш бермеген екі салымшының 10 миллион теңгесі жатыр, 30 салымшыда – миллион теңгеден астам, 346 адам – 100 мың теңгеден астам, 5 мың адам – 10 мың теңгеден астам депозиттері бар екен. Сіз қандай саламшысыз? Егер сіз тәуекеле бейім болсаңыз, қолыңыздағы ақшаға бағалы қағаздар сатып алып, инвестициялық жобаларға қатыса аласыз. Бұл ұзақмерзімді қаржыландыруға негізделеді.  Керісінше, салған ақшаңызға тұрақты табыс түскенін қаласаңыз, банкте сақтауға кеңес беремін. Бірақ барлық банктер қауіпсіз деп айта алмаймыз. Ең қауіпсіз салымдардың бірі ретінде қор нарығындағы облигацияны атауға болады. Ал акцияларда керісінше, тәуекелділік жоғары. Оның бағасы бірде түсіп, бірде көтеріліп отырады. Бұл салым түрлеріне қаражат салмас бұрын жан−жақты ақпарат іздеу керек.