Жан қинаған жалақы
Жан қинаған жалақы
358
оқылды

2020 жылдан бастап мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 40 пайызға өседі. Яғни, театр артистерінің орташа жалақысы 231 мың теңге, ал кітапхана, музей және архив қызметкерлерінің еңбекақысы 164 мың теңге болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласындағы зиялы қауым өкілдерімен кездесуде мәлімдеді.

Мемлекет басшысы мәдени сала қызметкерлеріне лайықты көңіл бөлінбей отырғанын айтып, ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің айлығын кө­теру туралы шешім шығарған еді. Сөз барысында министр осы Жолдауда көрсетілген мін­дет­терді жүзеге асыру жайына кеңі­нен тоқталды. Саланың дамуы үшін мамандардың әлеу­меттік жағдайы жоғары бол­ғаны маңызды. Сондықтан ұлт­тың өнері мен руханиятына ең­бек сіңіріп жүрген мәдениет қыз­мет­керлеріне мемлекеттік қолдау ар­та беретінін жеткізді.

«Мәдениет пен өнер қыз­мет­керлерінің жағдайын көтеру жос­парымыздың бір тармағы ғана. Қа­зір әлеуметтік жеңілдіктер мә­селесі пысықталып жатыр. Мә­­дениет және спорт министр­лі­гі меморандумдар әзірлеп, әкім­діктерге жіберді. Оларды орын­дау үшін әлеуметтік қол­дау шараларын, оның ішін­де мәдениет және өнер қызмет­кер­лерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуды қамтитын салалық жоспар бекітілетін болады. Жас­тардың тұрғын үй алуы үшін 3 миллион 700 мың теңгенің кө­леміндегі бюджеттік несие бе­рі­леді», – деді Мәдениет жә­не спорт министрі Ақтоты Райым­құлова.

Осыған дейін жазғанымыздай, еліміздегі әртүрлі сала маман­да­рының орташа есептік жала­қы­сы 162 мың болса, мәдениет са­ласының мамандары одан 22 пайызға аз алады. Елі­міз­дің түкпір-түкпірінде кітап­ха­­­нашылар – 43 мың, музей қыз­­меткерлері – 45 мың теңге жа­лақымен де жан бағып жүр. Енді осы уақытқа дейін жанкештілік танытып, жақ ашпай келген мамандардың жалақысы жаппай өспей қала ма деген де қауіп бар. Өйткені Президент Жолдауына дейінгі министрліктің шешімі бойынша жалақысы өсетін 8 пайыз қызметкерлердің тізі­мін­­де 9 республикалық меке­ме мен 33 мемлекеттік қазына­шы­­лық кәсіпорынның қыз­­мет­керлері – бар болғаны 42 ұйым­ның мамандары болды. Осы­ған дейін министрлік осы ұйым­­дарда жұмыс істейтін 5 399 қыз­меткердің айлығын кө­теру­ді ғана жоспарлаған еді. Ен­ді жалақы көтеру мәселесі Мәдениет және спорт министрлігі ұсынған осы жоба бойынша жүзеге асып жүрмесе болғаны. Сала ма­ман­дары «Барлығымыздың еңбек­­ақымыз бірдей көтеріліп, әлеу­мет­тік көмек алу мүмкінді­гі­міз кү­шейсе» деген үміттің же­­т­е­­гін­де жүр. Қан­ша рет қоғам­дық тал­қылауға түссе де, бұл санат­тағы қыз­мет­керлердің мар­дым­сыз жала­қысы еш жоғары­ла­ған жоқ. Сон­дықтан үш ай бұрын­ғы шешім кү­шін жойып, бұл жаңалық са­ла мамандарын жаппай жа­рыл­қаса игі. Бұған қоса, ауыл-ауыл­дағы есігі тарс жабылып қал­ған мәдениет үйлері мен кітап­ханалардың жұмысына жан бітіп, штаттық құрылымы артса де­ген де тілек бар.