Адам құны – 2 жыл
Адам құны – 2 жыл
501
оқылды
Ажал айтып келмейтінін біл­сек те, өзгелерге ажал төн­діретіндер барын және олар түрмеге отырмайтынын ескеріп жүру керек болды. Бұған жаяу жүргіншілер жо­лында университетіне алаң­сыз кетіп бара жатқан жасты қағып өлтірген көлік жүргізу­шісіне сот шешімімен жеңіл жаза берілгендігі сабақ бо­лып отыр. Атыраулықтар сол күнгі жан­түршігерлік жол-көлік оқиғасын әлі ұмытқан жоқ. Университет сту­дентін жүргіншілер жолағын­да кетіп бара жатқан сәтінде жа­рыса жүйткіген екі көліктің бірі қағып, бірнеше метр жерге ұшы­рып жіберген және оның бір ая­ғы­ның денесінен бөлініп жат­қа­ны туралы ақпарат пен сол маң­­дағы камера түсірген бейне­­жаз­­балар әлеуметтік желіде жария­ланды. Өтуге болмайтын жерден өтсе бір жөн, өз жолымен сабағына бет алған жас азаматтың осыншама аяусыз жантәсілім етуі жұртшылықтың ашу-ызасын келтірді. Ал Атырау қалалық №2 сотында жасөспірімді қағып өлтірген көлік жүргізушісіне қа­тысты қылмыстық істі қарау аяқ­талып, үкім жарияланғанда жұрт­шылық тағы да сот шешімімен келіспейтінін жазып, әлеуметтік желіде қарсылығын білдірді. Қа­лың жұртшылықтың келіспей­тіндей себебі бар. Біріншісі, жас­өс­пірімді қағып өлтірген көлік жүргізушісіне берілген жаза – тым жеңіл жаза. Екіншісі, жол­да жа­рысуға себеп болған авто­көлік жүр­гізушісінің жазадан тыс қалып, тек әкімшілік жауапқа тар­тылуы. Атырау қаласының №2 со­тында Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен сотталған көлік жүргізушісі сот отырысында өзі­нің кінәсін толық мойындап, жа­саған әрекетіне өкінді. Сот­талу­шының отбасы жол-кө­лік оқи­ғасынан көз жұмған жас­өс­пірім­нің отбасын қолдап, жас­тық­пен абайсызда болған қайғы­лы оқиға үшін кешірім сұра­ғаны да айтылды. Атырау облыстық соты­ның баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, қайтыс бол­­ған жасөспірімнің әкесі сот­талу­­шы азаматтың туысқан­дары кел­тірілген мүліктік және моральдық зиянды толық өте­генін, оған кешірім бергенін айтып, оған заң талаптарына сәйкес жаза та­ғайындауды сұ­рады. Сот үкімімен сотталушы ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыра отырып, 3 жылға көлік құ­ралын басқару құқығынан айыру жазасына сотталды. Нақты айт­қанда, сотталушыға ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде (қоныс колониясы) 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сайып келгенде, сот үкімімен жәбірленуші жақ ішінара келіс­кенмен де, сотталушының қала­ның қақ ортасында машинаның жылдамдығын арттырудың қауіп­ті екенін біле тұра, сағатына 145 ша­қырым жылдамдықпен жүруіне себепші болды деген «Мерседес» жүргізушісін де қылмыстық жауап­кершілікке тартылуын та­лап ететінін айтты. Яғни, қоғам­дық пікір тудырып отырған да осы жайт. Бейнетаспада қала кө­шесінде жарыс ұйымдастырып, кісі өліміне себепші болған оқиға­ны көргендер жас өмірді қыр­шынынан қиған оқиғаға себепкер болған көлік жүргізушілерінің бі­ріне берілген жаза жеңілдігін, ал екіншісінің оңай құтылып кетуіне келіспей, заңмен жазалануын сұрап отыр. Сот үкімі заңды күшіне енбе­генін ескеріп, жәбірленуші мен қоғамда талқыға түскен жайт­тар ескерілсе ғана көлікті басқару­шылар адамдардың қауіпсіздігін ойлар деген үмітіміз бар. Себебі елімізде табиғи өлімнен гөрі жол-көлік апатынан көз жұмғандар саны көбейіп отыр. Жол-кө­лік оқиғалары салдарынан адам­дардың мерт болу факторы авто­көліктер санының өсуімен бірге шарықтап барады. Жол-көлік апа­тынан жарақат алғандар саны еселеніп отыр. Ал қаза тап­­қандардың басым бөлігі – жұмысқа қабілетті жаста.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі берген мәліметте, өткен жылы Атырауда 307 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 65 адам қайтыс болып, 424 адам дене жарақатын алғаны көрсетілген. Биыл жыл басынан бері 11 жол-көлік оқиғасы бо­лып, 3 адам көз жұмып, 15 адам дене жарақатын алған. Тағы бір назар аударарлық жайт, Аты­рауда көлік басқаратын бір адам­ның 65 рет жол ережесін бұзып, 800 мың теңгеден аса айыппұл төлегені мәлім болып отыр. Көлік тізгіндегеннің бар­лығы дерлік көлік жүргізу мә­де­ниетінен жұрдай деп пайым жасауға болмайды. Дегенмен еліміздегі жол-көлік оқиғасын болдыртпаудың сан-салалы тә­сілдері Атырауда да жүзеге асып отыр. Бірнеше ондаған бей­не­камералар, қалада жү­руге болатын максималдық жыл­дам­дық, жолдағы арнайы жолақ­тар, «Сергек» камералары да орнатылған. Қала көшелері де жыл сайын көлік нөпірі мен жол-көлік оқиғасын болдырмау мақ­сатында кеңейтіліп, күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Жол-көлік оқиғасының орын алуына негізі фактор – жүр­гізушілердің жол ережелерін мұ­қият сақтамауы, ішімдік ішіп жолға шығуы және жаяу жүргін­шілердің рұқсат етілмеген жерден өтуі. Көлік тізгіндегендер төрт дөңгелекпен адамдарды жай­ра­тып, жаяу жүргендер жолда сақ­тық шараларын сақтамай қай­ғылы оқиғаларға себеп болуда. Жалпы, бізге заңсыздыққа жол беріп, барлық жағдайды ақша­мен шешеміз деген ойдан арыл­майынша, мәдениетті болуға өз-өзімізді тәрбиелемейінше, жолда тағдырлар қиыла берерін санаға тоқитын уақыт жетті. Үйінен аман шыққан адам үйіне аман оралсын десеңіздер, сақтықты ұмытпайық!    width=Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,                               Атырау облысы