ФИФА нұсқасы бойынша әлемнің үздік футболшысы анықталды (видео)
ФИФА нұсқасы бойынша әлемнің үздік футболшысы анықталды (видео)
408
оқылды

Сондай-ақ жылдың символикалық құрамы да жарияланды

2016 жылдан бері ФИФА нұсқасы бойынша табысталып келе жатқан The Best жүлдесінің иегері де анықталды. Биыл бұл сыйлыққа «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси лайық деп танылған.

Аталған жүлде құрама бапкерлері мен капитандарының, журналистер мен жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталады. Бұл таласта Месси «Ювентус» шабуылшысы Роналду мен «Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил ван Дейкті артта қалдырған.

888.jpg

Былтыр бұл сыйлықты «Реал» жартылай қорғаушысы Лука Модрич алды. Ал оған дейін Роналду қатарынан екі жыл бойы The Best иегері атанған болатын.

Миланда өткен салтанатты шарада есімдері аталған өзге футболшылардың реті мынадай:

Жыл қақпашысы – Алиссон («Ливерпуль»)

Жыл бапкері - Юрген Клопп («Ливерпуль»)

Әйелдер арасында жыл ойыншысы – Меган Рапино

Үздік гол – Даниэль Жори («Дебрецен»)

Жыл командасы:

Қақпашы: Алиссон («Ливерпуль»)

Қорғаушылар: Марсело («Реал»), Ван Дейк («Ливерпуль»), Де Лигт («Аякс»/ «Ювентус»), Рамос («Реал»)

Жартылай қорғаушылар: Азар («Реал»), Де Йонг («Аякс» / «Барселона»), Модрич («Реал»)

Шабуылшылар: Мбаппе (ПСЖ), Роналду («Ювентус»), Месси («Барселона»)

Марапаттау рәсімінде Месси көпшілікке арнап ықыласын жеткізді.

«Бұл сыйлыққа мені лайық деп санаған жандардың барлығына алғыс айтамын. Мен үшін жекелей марапат екінші орында, команданы бәрінен жоғары қоямын. Бірақ бүгін мен үшін ерекше күн, мұнда отбасы, балаларыммен келдім. Олар мұнда алғаш кел іп отыр. Оларды көру – ерекше қуаныш» дейді ол.

https://youtu.be/nP_bcDQZb64