Деңгейін көтеру үшін «Қайраттан» кеткен Қазақстан құрамасының футболшысы Англия чемпионатына ауысуы мүмкін
Деңгейін көтеру үшін «Қайраттан» кеткен Қазақстан құрамасының футболшысы Англия чемпионатына ауысуы мүмкін
300
оқылды

Қазіргі таңда ол жаңа клубы сапында 6 ойын өткізіп, 1 гол соқты

Алматылық «Қайрат» футбол клубынан бельгиялық «Беерсхотқа» ауысқан Ян Вороговский ағылшын чемпионатына ауысу туралы ойын айтты. 

Жақында ғана «Беерсхот» қожайыны ағылшындық «Шеффилд Юнайтед» клубының толыққанды иесіне айналған. 

«Беерсхот» қожайынының «Шеффилд Юнайтедті» иеленуі сенің командаңдағы үздік ойыншылардың сол жаққа қарай ауысуына мүмкіндік бере ме?» деген журналист сауалына Ян «Әрине, ондай болуы мүмкін. Ол үшін алаңда да, алаңның сыртында да көп жұмыс істеп, өз деңгейіңнің жоғары екенін дәлелдеуің керек. Англияда ойнау кез келген ойыншының арманы. Әлбетте, мен де сол жақта ойнауды қалаймын» деп жауап береді. 

photo_97369.jpg

«Қазіргі сәттегі ойым – командама әр ойын сайын ұпай жинауға көмектесу. Әрі қарай не боларын Жаратушы біледі» дейді ол. 

Еске салсақ, 23 жастағы футболшы маусым айының соңында «Беерсхотқа» ауысты. Қазіргі таңда ол жаңа клубы сапында 6 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Бұған дейін «Қайратта» үш жарым жыл өнер көрсетті. Ұлттық құрама қатарында 8 матчқа қатысып, бір мәрте гол соққан.