Жуырда бос орындар жәрмеңкесі өткен. Алайда жұмыс іздеп келгендер аз.
Петропавлда құрылыс жанданып келеді. Нақтыласақ, тұрғын үй, мектеп, ауруханалар бой көтеріп жатыр. Алайда құрылыс жұмыстарында адам тапшы болып отыр. Әсіресе, кірпіш қалайтын жұмысшы жетіспейді. 24.kz тілшісі құрылыс компаниясы өкілдерімен тілдесіп қайтты.
–Бізге 100 шақты адам керек. Сол кірпіш қалаушылар, әрлеушілер және әртүрлі жұмыс істейтіндер. Айлықтары 180 мың. Тамақтары тегін. Таңғы, түскі және кешкі ас. Киімдерін береміз. Кірпіш қалаушылар болып жатса, олардың айлықтары 250-ден бастап көтеріледі. Жәрмеңкеде барлығы 900 жұмыс ұсынылды. Оның тең жартысы құрылыс мамандары. Бос орындар арасында қарапайым қара жұмысшыдан бастап басшылық қызметтерге дейін бар, – дейді құрылыс компаниясының өкілі Мирас Рахметов