Ғалымдардың жерден тыс тіршілік белгілерін іздеуі алғашқы жемісін беруі мүмкін. Шолпан атмосферасында олар сирек кездесетін химиялық қосылысты анықтаған. Бұл онда тірі микроорганизмдердің болуы мүмкін екенін білдіреді.
Бұл туралы дүйсенбіде Кардифф университетінің профессоры Джейн Гривз бастаған халықаралық ғалымдар тобы арнайы шақырылған баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ашылу туралы мақала Nature Astronomy журналында жарияланды.
Табылған зат - фосфин (фосфор гидриді, РН₃) - түссіз улы газ. Табиғи жағдайда өте сирек кездеседі. Жерде ол негізінен өндірістегі химиялық реакция нәтижесінде жасанды жолмен алынады.
Сондай-ақ, фосфин найзағайдың әсерінен және вулкандық белсенділік нәтижесінде аз мөлшерде ғана пайда болуы мүмкін. Ал Шолпанда бұл газдың едәуір қоры табылды.
Бұл ғалымдарға балама болжам жасауға мүмкіндік берді: мұндай мөлшерде фосфинді табиғи түрде оттегі жоқ ортада өмір сүретін бактериялардың тіршілік әрекеті нәтижесінде алуға болады.
"Біз jcmt сияқты қуатты телескоптың мүмкіндіктерін сынап көру үшін эксперимент жүргіздік", - деді профессор Гривз. – Бірақ шолпан атмосферасындағы бұлттар фосфинге бай болатынын анықтаймыз деп мүлде ойламадық. Шолпан Фосфинінің [атмосферада] болуы туралы алғашқы белгілерін алған кездетаңданысымызда шек болмады!"