Жастар қаржы жинап, жалғызбасты анаға жаңа баспана салып берді

Жастар қаржы жинап, жалғызбасты анаға жаңа баспана салып берді

Облыстың Өңірлік коммуникация қызметінің мәліметінше, тоз-тозы шыққан үйді паналап отырған жалғызбасты анаға ауыл жастары жаңа үй салып берді. Көксарай ауылының тұрғыны Есенкүл Әлібаеваға баспана салу үшін 1995 жылы туған ауыл жастары бірігіп, жаңа баспананың іргетасын құйған. Жастар қайырымдылық эстафетасын ауылдастарына жолдаған. Ерекше бастамаға барлық ауыл жастары үлес қосты. Қайырымдылыққа 1982 мен 1998 жылғы ауыл жастары қаржы жинаған. Жаңа үйдің құрылысы толық аяқталды.