2015 жылдың 16 мамыры Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақермен ауылының тұрғындары Әсел және Дәндібай Әлімжановтар үшін өмірдегі ең қорқынышты күн болды: балалармен аулада ойнап жүрген үш жасар Жасұлан кешке үйіне сол күйі қайта оралмадыБұл туралы aikyn.kz хабарлайды sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ауылда мал дәрігері болып жұмыс істейтін Дәндібай Әлімжанов бар жұмысын тастай сала, дереу үйіне келеді, артынша әйелімен Жасұланды іздеуге шығады. Ауылдағы үйлерді бірнеше сағат бойы аралайды. Жасұлан ұшты-күйлі жоқ. Тек кешке жақын қатты қорыққан ерлі-зайыптылар баланың жоғалғанын полицияға хабарлайды.
Оқи отырыңыз: Министр ҰБТ сұрақтарын сынға алды
Полиция қызметкерлері аз уақыттың ішінде ауқымды жедел-іздеу шараларын ұйымдастырады. Оған құтқарушылар мен әскери қызметкерлерді тартады. Баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да атсалысады. Барлығы ауылдың түкпір-түкпірін, қираған үйлерді, шаруашылық қора-жайларды, есік-тесіктің барлығын мұқият тексеріп шығады. Бірақ Жасұлан еш жерден табылмайды. Жазатайым оқиға болуы мүмкін деген болжамды қарастырған құтқарушылар сүңгуірлерді де іздеу жұмыстарына тартады, осылайша ауыл маңындағы өзеннің арнасы мен жағалауын сүзіп шығады. Бірақ Жасұлан жер астына кіріп кеткендей еш жерден табылмады.Жантүршігерлік қылмыс
Келесі күні таңғы сағат алтыда үш жасар баланы іздеу қайта жалғасады. Барлығы оның тірі екеніне, үйге аман-сау оралатынына сеніп, үміт үзбейді. Алайда, арада бірнеше сағат өткеннен кейін бұл үміттің күл-талқаны шығады. Сағат 11-лердің шамасында Әлімжановтар отбасына Жасұланның денесін қолына ұстаған күйі көршісі Халида Ізбасарова келеді. Егде жастағы әйелдің айтуынша, баланы қираған әжетхананың шұңқырынан тауып алған. Бір күн бұрын Жасұланды іздеген құтқарушылар да, полиция қызметкерлері де, ата-анасы да бұл әжетхананы мұқият тексеріп шыққан. Бірақ, ол жерден ештеңе таппаған еді. Полицейлер баланың неден өлгенін Әлімжановтар үйіне сот-медицина сарапшылары келместен бұрын білді. Жасұланның мойында іздер болған, яғни оны буындырып өлтірген. Бірақ оны кім және не үшін істегені әлі де белгісіз еді. Жасұланның мәйітін криминалистер мен сот-медицина сарапшылары зерттеп жатқанда, тергеушілер Халида Ізбасаровадан жауап алып, баланы қалай тауып алғанын білуге тырысады. Алайда көршінің мардымсыз жауабы бірден күдік тудырады. Халида өзінің берген жауабында бірнеше мәрте шатасады. Ақырында оған баланың мәйітін өзінің ауласындағы істен шыққан ескі тоңазытқыштан тауып алғанын мойындауына тура келеді. Әйелді мұқият тыңдаған тәртіп сақшылары оны күдіктілер тізіміне қосып қоюды ұйғарады, дегенмен кішкентай баланы өлтіруге дәті барды дегенге де сене қоймайды. Кешке жақын мамандар Жасұланды өлтірмес бұрын қылмыскердің оны асқан жауыздықпен зорлағанын анықтайды.Күдікті – жасы алпыстан асқан көрші
Жалпы, ауыл тұрғындары Ізбасаровтар отбасы туралы жақсы пікірде еді. Қырғызстаннан Жамбыл облысына көшіп келген отбасы келе салысымен ауыл өміріне етене араласып, жергілікті халықпен жақын араласып кетеді. Кейін Ізбасаровтардың қызы тұрмысқа шығады. Ұлы да табыс табу мақсатында қалаға кетеді. Осылайша, қариялардың қолында жастайынан мүгедек арбасына таңылған немересі ғана қалады. Сондықтан баланы зорлап, артынан өлтірген қылмыскер - жасы алпысты еңсерген Тұрсынхан Ізбасаров дегенге ешкім сенгісі келмейді. Отағасының артық сөзі жоқ, көршілерімен сыйласып өмір сүрген, ауылдың бала-шағасы да олардың ауласында жиі асыр салып ойнаған. Оның үстіне Жасұланның жоғалғаны белгілі болған кезде Тұрсынхан Ізбасаров түннің бір уағына дейін баланы іздеуге көмектескен.Оқи отырыңыз: «17 қыркүйекте қайта карантинге жабады»: Ералы Тоғжанов карантинге қатысты пікірін айтты
Тергеу барысында егде жастағы ерлі-зайыптылар өз болжамын жасайды: әлдебіреу баланы зорлап, артынан өлтіріп, отағасын қылмыскер атандыру пиғылымен әдейі ескі тоңазытқышқа апарып жасырды. Тіпті, Тұрсынхан мен Халида Ізбасаровтар Қырғызстанда тұрған кезде олардың өмірінің астаң-кестеңін шығарғысы келген қауіпті дұшпандары болғанын, сол үшін көшіп кеткенін еске түсіреді. Бұл әңгімеге полиция сенімсіздік танытқанымен, тексеруге мәжбүр болды. Ерлі-айыптылардың айыбы негізсіз болып шығады, қылмыс жасалған күні "дұшпандардың" өз елінде жүргені анықталды. Сондықтан полиция қызметкерлері Жасұланды өлтіруге Ізбасаровтар отағасының қатысы болуы мүмкін деген болжамды әрі қарай зерттеуді жалғастырады.Куәгерлер мен дәлелдер
Тәртіп сақшылары Тұрсынхан Ізбасаровты қамауға алу үшін нақты дәлел жоқ екенін түсінді. Сол себепті жергілікті тұрғындар, оның ішінде балалардан қайта жауап алу қажет деген ұйғарымға келеді. Жасұланның ойын алаңынан қалай және кім алып кеткенін қалайша ешкім көрмеген? Тергеушілерді, міне, осы сауал мазалайды. Шынымен де, сол күні Жасұланды Тұрсынхан Ізбасаровтың алып кеткенін екі оқушы қыз көрген болып шықты. Олардың айтуынша, көршінің іс-әрекеті оғаштау көрінген. Алтыбақанда тербеліп отырған Жасұланның жанына келген ол баланың басынан бір нұқып, артынан қолтығына қыстырып, өз үйі жағына алып кеткен. Оқушылар бұған аса мән бермеген екен, өйткені қарияның Жасұланның көршісі екенін білетін. Жасұланды ол ата-анасының өтінішімен алып кетті деп ойлайды. Бұл жауаптың анығын тексеру үшін тергеушілер күдіктіні мектеп оқушыларына көрсетеді. Олар еш бөгелместен сол күні Тұрсынхан Ізбасаровты көргенін айтады.
Осыдан кейін полицейлер күдікке ілінген отбасының баспанасын қайтадан тінтуге кіріседі, бұл жолы үйдің бұрыш-бұрышын толықтай тексеріп шығады. Тыңғылықты жұмыстар өз нәтижесін береді: криминалистер үйдің кіреберісінен және бала жоғалған күні Ізбасаровтың үстінде болған киімнен бірнеше тал шаш тауып алады, кейін зерттеу барысында оның Жасұланға тиесілі екені анықталды.
Мұндай дәлел-дәйектер күдіктінің қолын кісендеуге жеткілікті еді.