Машина жасау – бүкіл өңдеу секторында көшбасы

Машина жасау – бүкіл өңдеу секторында көшбасы

Бүгін, яғни 17 қыркүйекте, онлайн форматта Қазақстан машина жасаушыларының VIII Форумы басталды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырып отырған форумның қатысушыларына Президент құттықтау хат жолдады. [caption id="attachment_73120" align="alignleft" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] «Құрметті форум қатысушылары! Сіздерді Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумының ашылуымен құттықтаймын!» деп бастаған хатта Қасым Жомарт-Тоқаев бұл форум – мемлекет пен бизнестің жүйелі диалогы, машина жасау саласының өзекті мәселелерін шешу үшін сұхбат алаңына айналды деген болатын. «Биыл шаралардың басым бөлігі онлайн режимде өтіп жатыр. Бұл форум да солай өтуде және оның аясында І Халықаралық машина жасау және металл өңдеу онлайн-көрмесі ашылған. Пандемиямен байланысты күрделі экономикалық кезеңге қарамастан отандық машина жасау осы жылы 14 пайыздық жақсы өсім қарқынын көрсетіп отыр. Осы көрсеткіш бойынша машина жасау елдің бүкіл өңдеу секторында көшбасшы орынға шықты. Жолдауымда нағыз әртараптандырылған, технологиялық дамыған экономиканы құру, өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемін 1,5 есе арттыру тапсырмалары жүктелді», - деп атап өтті ҚР Президенті өз құттықтауында. [caption id="attachment_73121" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өтуінше, мемлекет бұл үшін отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін жетілдіріп, өнеркәсіптік саясат туралы заң қабылданатын болады. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан машина жасау саласы өзінің қарқынды дамуын жалғастыратынына сенімдімін. Саланың өндірісті кеңейтуге және экспортты арттыруға айтарлықтай әлеуеті бар. Барлықтарыңызға жемісті жұмыс және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуді тілеймін!», - деді Мемлекет басшысы.

[caption id="attachment_73123" align="alignright" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] «Жаңа шынайылық жағдайында машина жасауды дамыту» тақырыбында өткен форумда машина жасау саласын дамыту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ «Машина жасауды дамыту жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру барысы қарастырылды. Сонымен қатар, бірінші панельдік пікірсайысында пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатын жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында жергілікті қамтуды реттей отырып, оны дамытуға басты назар аударылды. [caption id="attachment_73125" align="alignleft" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Форум барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Қазақстанда Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылатынын жеткізді. Оның айтуынша, Үкімет пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен алаңында қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі мәселелерін жедел шешетін Жобалық кеңсе жұмыс істейді. Оның аясында кәсіпкерлік субъектілерін барынша қамту үшін қызметтер кодының тізбесі кеңейтілді, қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі 6 пайызға дейін төмендетілді, жергілікті атқарушы органдар үшін жергілікті қамту бойынша KPI белгіленді.

– Аталған тетіктерге қосымша Өнеркәсіпті дамыту қоры деп аталатын жаңа тиімді тетік пайда болады. Қазақстанның машина жасауды дамытуға жәрдемдесу мақсатында 2019-2024 жылдарға арналған саланы дамыту жөніндегі жол картасы жүзеге асырылуда. 2020 жылдың 8 айының қорытындысында машина жасау саласы 16 пайыз өсім көрсетті. Осы нәтиженің барлығы мемлекет пен бизнестің қажырлы еңбегі», – деді ол.

[caption id="attachment_73127" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында 5 жылдың ішінде өңдеу өнеркәсіндегі өндіріс көлемін кемінде 1,5 есеге арттыру туралы нақты тапсырма жүктегенін тілге тиек етті. «Отандық машина жасау өңдеу өнеркәсібінің локомативі болды және ел басшылының басты назарында қала береді» деген ол бүгінде отандық машина жасау кәсіпорындары Қазақстанның даму банкі, «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламалары тетіктерін қоса алғандағы жеңілдікпен қаржыландырудан бастап, жеңілдікті лизинг пен экспортты ілгерлететін тетіктерін пайдалану арқылы сатуға дейінгі мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын қолдана алатынын жеткізді. [caption id="attachment_73130" align="alignright" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
Форум барысында қазақстандықтар сатып алатын көліктің тең жартысы отандық өндірісте құрастырылғаны айтылды. Мұндай мағлұматты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.
«Бүгінде сатып алынған көліктің әрбір екіншісі отандық өндірісте құрастырылған көлік саналады. Бұл бірлескен жемісті жұмыстың тамаша көрсеткіші. Бұған қоса, қазақстандық автоөнеркәсіп өнімдері экспорттық нарыққа да шығып отыр. Осы жылдың 8 айында ғана елімізде 341,2 млрд теңге сомаға 45 мың автомобиль шығарылды. Оның 4,7 мыңнан астамы Ресей, Беларусь және Өзбекстанға экспортталды. Мұндай көрсеткішке ішкі өсім резервін ынталандырудың арқасында қол жеткізілді» деді министр. [caption id="attachment_73131" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта жеңілдетілген автокредит пен жеңілдетілген лизинг бағдарламасы жұмыс істеп отыр. Аталған бағдарлама аясында 5 жылға 50 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат отандық кәсіпорындарға 98,6 млрд теңге сомаға 19 мың көлік құралын құрастыруға мүмкіндік берді. «Халық тарапынан туындыға үлкен сұранысты қанағаттандыру үшін өткен жылы Ұлттық банк жеңілдетілген автокредит бағдарламасын іске қосып, оның аясында 5 жылға, яғни жыл сайын 20 млрд теңгеден тағы 100 млрд теңге бөлінді. Аталған бағдарлама аясында қазірдің өзінде 40 млрд теңге сомаға 7,1 мың автомобиль сатылды», - деді Бейбіт Атамқұлов.
[caption id="attachment_73132" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Форумның екінші панельдік пікірталасы – өнімнің соңғы түрлерін шығару кезінде пайдаланылатын материалдар мен жинақтауыштардың құнын төмендету тетіктеріне, орта мерзімді перспективада жергілікті қамтуды дамытуға және машина жасау өнімдерінің экспортын ілгерілету мәселелеріне арналды.
Министрдің айтуынша, 2018-2020 жылдары ескірген автобус паркін жаңарту бағдарламасы аясында 33,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат еліміздің өңіріне 1 350 автобус сатып алуға мүмкіндік берді. Биыл қосымша 10 млрд теңге бөлініп отыр. Мемлекеттік индустриялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде машина жасау өңдеу өнеркәсібі өсімінің драйверіне айналды. Сол үшін де елдегі машина жасау өнеркәсібі соңғы он жылда өндіріс көлемін 4 есе, инвестиция 2,5 есе, экспорт көлемі 3 есеге өсіп, 1,1 млрд АҚШ долларын құрады.  Тіпті, 2018 жылдың қорытындысы бойынша жылдық өндіріс көлемі алғаш рет 1 трлн теңге жеткен. Биылғы жылдың 8 айында саладағы өндіріс көлемі 16,3 пайызға өсті. Саланың 3 мың кәсіпорнында шамамен 123 мың адам еңбек етеді.
[caption id="attachment_73133" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] «Мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерінің арқасында салада шамамен 367 млрд теңге сомаға 128 жоба сәтті үзеге асырылып, 16 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Еңбек өнімділігі 9,2 мың доллардан 15,5 мың долларға дейін өсті. Экспортқа шығарылатын өнім атауы кеңейтілді. Қазір біздің машина жасау кәсіпорындарымыз Ресей, қытай, Әзербайжан, Тәжікстан, БАӘ, Түрікменстан сынды елдерге өнімдерін экспортқа шығарады. Локомотивтер, жүк және жолаушылар вагоны, темір жол дөңгелектері мен біліктер, аккумуляторлардың жаңа түрлері, сорғыштар сынды машина жасау өнімдерінің жаңа түрлері шығарыла бастады» деді Бейбіт Атамқұлов.
Сонымен қатар 6 секциялық отырыста жоспарланған: темір жол, мұнай-газ, тау-кен металлургия, электр техникалық, ауыл шаруашылығы машиналары мен автомобиль және жалпы машина жасау технологияларын дамыту бағыттары бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, бұған сәйкес міндеттерді бірлесіп шешу үшін Үкіметке жіберіледі.

Гүлзина ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ