Партияның Бостандық аудандық филиалында үміткерлер көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдауды күшейту, атап айтқанда, жәрдемақыларды, қосымша төлемдер мен жеңілдіктерді ұлғайту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға жоғары білімнің қолжетімділігі мәселелері қаралды.
Өткен пікірталастарда осы және бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселе көтерілді. Естеріңізге сала кетейік, пікірталас 30 қыркүйекке дейін жалғасады және Алматының барлық ауданында өтеді. Оның барысында праймеризге қатысушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, әлеуметтік желілердегі партияның аудандық филиалдарының ресми аккаунттарында тікелей эфирде қойылған оппоненттер мен қалалықтардың сұрақтарына жауап береді. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, бүгінде Алматыда праймеризге 221 қатысушы бар, олардың ішінде шағын және орта бизнес, үкіметтік емес ұйым өкілдері, көпбалалы аналар, медицина, білім беру саласы өкілдері және басқалар бар.