Бүгін бірнеше аймақта бұршақ, жаңбыр жауып, дауыл соғады
Бүгін бірнеше аймақта бұршақ, жаңбыр жауып, дауыл соғады
Фото: Интернеттен алынды
169
оқылды
Шығыс, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдап, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман сақталады, оңтүстік-батыста желдің күшеюі шаңды дауыл күтіледі. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с сақталады, екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с-ке дейін сақталады. Түнде және таңертен екпіні 23 м/с, түнде және таңертен тұман күтіледі, кей жерлерле бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды облысында кей жерлерде желдің екпіні күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Манғыстау, түнде Түркістан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің екпіні 15-22 м/с-ке дейін күшейеді.