Ұлы жазушыға құрмет
Ұлы жазушыға құрмет
387
оқылды

М.Әуезовтің туған күні ая­сында М.Әуезов музей-үйін­де дәстүрлі «Әуезов оқу­лары» атты жас ғалым­дар­дың ХVІ ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Мақ­саты – жазушының шығар­ма­­­шылық мұрасын жастар арасында насихаттау, жас­өс­­пірімдерді көркем әде­биетке баулу, ғылыми-зерттеу жүр­гі­зу­дің дағ­ды-ма­шық­тарын қа­лып­тас­тыру және мем­ле­кет­тік тіл­ді да­мыту.

Конференция жұмысы ең алдымен Мұхтар Әуезовтің зират басына барып, Құран бағыш­тау­дан басталды. Алматы қала­лық әкімдігі, Әуезов ауда­ны­ның әкімдігі, қалалық Nur Otan пар­тиясы, жазушының ұр­пақ­та­ры аты­нан ықылас гүл­де­рі зи­рат ба­­сына және музей-үйдегі бюс­тіне қойылды. Іс-шара заң­ғар жазу­­шының музей-үйіндегі экс­кур­­сиямен жалғасын тапты. Ұлы жазу­­шының шығармашылығы бо­йынша зерттеулерден тұр­ған ға­лым-академиктердің кітап­­тар көр­месі де көпшілікке таныс­ты­рыл­ды.

«Әуезов оқулары» атты жас ға­­лымдардың ХVІ ғылыми-тә­жі­­­ри­белік конференциясын М.Әуе­­зов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кен­же­хан Матыжанов ашты. Ол өз сө­­зінде конференцияның дәс­түрлі іс-­шараға айналғаны туралы айтып өтті.

Сөз кезегін алған мәдениет­та­ну­шы-ғалым Мұрат Әуезов «Әке туралы сөз» тақырыбында кон­­­фе­рен­ция қонақтарының на­за­­рына әкесі жайлы естеліктері­мен, ұлы жазушының баласы де­­ген атақ­ты алып жүрудің ма­ңыз­­­­­ды­лы­ғы қалай екендігі туралы әңгі­ме өрбітті.

Диар Қонаев «Мухтар Ауэзов и духовное возрождение наций» тақырыбында баяндама жасады. Бұл күні ғалымдар Бақытжан Әзібаева, Айгүл Ісімақова, Гүлзия Пірәлілер де сөз алды.

Конференция барысында «Ме­нің Әуезовім» атты дарынды оқу­шылардың шығармашылық кон­курсының қорытындысы жа­рия­ланып, жеңімпаздар бағалы сый­лықтармен марапатталды. Бас жүл­дені Түркістан облысы Созақ ау­даны Аққолтық ауылының Ш.Уәлиханов атындағы орта мек­тептің 11-сынып оқушысы Ақтілек Сейтжаппар, 1-орынды Алматы қаласы №13 мектеп-гим­­назиясының 9-сынып оқу­­­­шысы Айша Бисенбаева, 2-­орын­ды Алматы қаласы №3 жал­­­пы білім беретін мектеп­тің 10-сынып оқушысы Нұржан Кер­­­бесбай, 3-орынды Ш.Сма­ғұ­­лов атындағы Алматы об­лыс­­­­­тық дарынды балаларға ар­­­­­нал­­ған мамандандырылған фи­­­­зи­­ка-математика мектеп-ин­­­тер­­на­ты­­ның 10-сынып оқу­­шысы Ақтоты Шаштай мен Алматы облысы Іле ауда­ны Өтеген батыр ауылы №38 мек­теп гимназиясының 9-сы­­нып оқушысы Айғаным Өсер­­­бай иеленді. Мерекелік іс-­ша­ра қонақтарына, байқау же­ңім­­­­­паздарына М.Әуезовтің «Абай жолы» романы сыйға тар­тыл­ды.


 

Алматы қаласы