Оның жалпы аумағы екі мың шаршы метрді құрайды. Биылғы көктемде сол көлге шабақтар жіберілген. Нәтижесінде, 20 күнде балықшылар көлден 16 тоннадан астам балық аулаған екен.
Саумалкөл ауылының байырғы тұрғындарының айтуынша, елді мекендегі көлде ерте кездері балық болған. Бірақ тың игеруден кейін су айдынына шаруалар улы бидай төккен деседі. Содан кейін көлде тіршілік нышаны байқалмай қалыпты. Ал көктемде еріген қар суы тасып, көлге жайылып, су қоймасы бүлдіріп тастаған. Осылай қараусыз қалған көлді Андрей Ильин деген азамат қарауға алған.
Ол үш жыл қатарынан судың құрамын зерттеп зерделеген. «Ғалымдардың көмегіне жүгініп, су қоймасын барынша зерттедік. Уақыт өткен сайын оның суы аздап дұрысталды. Тәуекелге бел буып, пелядь балығын өсіреміз деп шештік. Өйткені бұл балық ащы суда мекендей алады. Жобаны жүзеге асыруға 4,5 миллион теңгедей қаржы жұмсалды» дейді Андрей Ильин.
Айтуынша, 4-5 айдың ішінде олар жақсы жерсеніп, балық аулау маусымы басталғалы 20 шақты күн өтті. Соның өзінде балықшылар су қоймасынан 16 тоннадан астам балық ұстапты.