Ақтөбеде 24 жастағы ақтөбелік есірткі сатқаны үшін сотталған ағасына ұялы телефонды баурчақтың ішіне салып өткізбек болған жерінде ұсталды.
Ол қазір Ақтөбедегі тергеу изоляторында. Бұл туралы облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бауырсақтарды тексере бастағанда бірінің ішіне Nokia телефоны шыға келген.
Ағасына телефон өткізбек болған азаматқа қатысты Әкімшілік кодекстің 481-бабы «Түзеу мекемелеріндегі адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру» бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Әкімшілік айыппұлдан басқа, енді інісі бір жыл бойы ағасына бару құқынан айырылады.