Facebook-тың Instagram қолданушыларына тыңшылық жасағаны әшкере болды
Facebook-тың Instagram қолданушыларына тыңшылық жасағаны әшкере болды
Фото: Интернеттен алынды
236
оқылды
Вloomberg-тің жазуынша, Сан-Франциско федералды соты Facebook-тің Instagram қолданушыларына тыңшылық жасағаны туралы ісін қарады. Дереккөздің жазуынша, иесі гаджетті пайдаланбаған кезде iPhone-ның алдыңғы камерасын ақпарат алу үшін қолданғаны анықталған, – деп жазады 24.kz.

Сондай-ақ, бұл қосымша нарықты зерттеу үшін пайдаланушылардың жеке деректерін мақсатты түрде жинайтын көрінеді.

Ал компания өкілдері камералардың бұлай жұмыс істеуін қосымшаның жүйесіндегі қателікпен байланыстырады. Осы тексерістен соң бұл қателік қазір жөнделген.