Алаяқтығы үшін айыпталып отыр
Алаяқтығы үшін айыпталып отыр
Фото: Интернеттен алынды
304
оқылды

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

– Күдікті Б. 1980 жылы туған. Азаматшаның алаяқтықпен айналысқанына бір жылдан асқаны анықталды. Студенттерді шетелге жіберу үшін оқу орталығын ашып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ол шетелде оқығысы келетін талапкерлердің ата-аналарының қаражатын иемденген. Әйел ғаламторға шетелдік білім беру мекемелерінде оқытуды ұйымдастырудағы қызметтер туралы жарнамалар орналастырды. Алаяқтықтың тізбегі келесідей болып шықты: жаңа қатысушылардың ата-аналарына шетелдік жоғары оқу орындарына түскендігі туралы мүлдем жоқ құжаттар берілді. Кейіннен клиенттер сертификаттың шын екендігіне күмәнданбай, оқу ақысы ретінде күдіктінің есепшотына шұғыл түрде үлкен ақша аударды. Әрбір қылмыстық әрекеттен келтірілген материалдық шығын екі миллион теңге және одан жоғары. Қазіргі уақытта біздің бөлімге жеті адам жүгінді, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қазіргі уақытта азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы бойынша сот тергеуі жүргізілуде. Полиция ұсталған адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен адамдарды келесі нөмірлерге хабарласуға шақырады: 8-708-707-92-02; 8-702-333-42-64; 8-705-711-13-71.