Басқармаға жаңа басшы тағайындалды
Басқармаға жаңа басшы тағайындалды
316
оқылды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды.

Атап айтқанда, бұл лауазымға облыс әкімдігінде көптен бері түрлі қызметтер атқарып келген Дамир Жүнісов таңдалды.

Дамир Дәулетұлы 1989 жылы 18 ақпанда Түркістан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары, мемлекеттік жергілікті басқару бакалавры, есеп және аудит магистрі.

Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстанның Ауыл жастар одағы» Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының орынбасары болып бастаған.

2010-2016 жылдары Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар орталығы» МКМ бөлім басшысы, директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» жоба менеджері, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы қызметтерінде жұмыс жасаған.

Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етіп келді.

Тельман БЕЙСЕНОВ,

Түркістан облысы