Шаруасы дөңгеленген шаштараз
Шаруасы дөңгеленген шаштараз
549
оқылды

«Екі қолға бір күрек тап­пай» жұмыссыздар қатарын кө­бей­тіп жүргендер бар. Тағ­дырдың сынағына қара­мас­тан, тәуе­кел­ге бел бай­ла­ған Азамат Ерғалиевтің ең­бекқорлығы көпке үлгі.

Еңбек жолын теміржолдан бас­­таған Азамат бүйрек ауруы­на шал­дыққан соң, кәсіби ма­ман­дығы бойынша жұмыстан шет­теп қалады. Соған қарамастан, ең­­бекқорлығымен ел үшін ең­бек етіп отыр.

– Мамандығым бойынша те­­міржолда 8 жыл қызмет ат­қар­­дым. Тағдырдың маған бер­ген сы­нағы болар, қатты ауы­­рып, дер­тім асқынған соң, бүй­­регімді ауыстыруға тура кел­­ді. Бүйрекке жасалған опе­­­рациядан соң кемтар бо­лып қалдым. Денсаулығым жа­рамсыз болған соң, темір­жол­дағы жұмысымнан біржолата қол үздім.

Уақыт өте денсаулығым бір­ша­ма жақсарған соң қолымнан кел­генше еңбек етейін деп ой­­­ла­дым. Шаштараз курсына жа­­зылдым. Шаш қиюдың қыр-сырын үйрендім. Өзім бұ­ған дейін де таныстарымның ша­шын қиып беретінмін. Өзіме шаш қиған ұнайды, – дейді Аза­мат Ерғалиев.

Оның ендігі арманы – кә­­­сі­бін дамыту. Бірақ оған қым­бат­­шылық кедергі. Шаштаразға қа­жет кеңсенің жалға алу құны қым­бат. Құрал-жабдықтардың ба­ғасы да қолжетімсіз.

– Шағын бөлмені жалға алып, жұмысымды бастағанда бір­шама қиындықтар алдымнан шық­ты. Құрал-жабдықтар қа­жет болды. Бастапқыда бұ­рын қолданған креслоны са­тып алдым. Жаңасын алуға қара­жа­тым жетпеді. Қайшы, керек-жа­рақтарды алуға қыруар қаржы жұм­садым. Қазір тек қана ер-аза­маттардың шашын қиямын. Тұ­рақты тұтынушыларым бар. Болашақта осы кәсібімді да­­­­мытқым келеді. Сол үшін «Ата­мекен» кәсіпкерлер па­ла­тасының кә­­­сіпкерлерге ба­ғыт-бағдар бе­ретін оқыту кур­сынан өттім. Тегін кеңес, жеңіл­дікпен гранттар ұтып ала­­тын мүмкіндіктер бар екенін біл­дім. Мемлекет кәсіпкерлерді қол­­дауға дайын. Біз соны тиім­ді пай­далансақ, көмегі көп екен. Бо­лашақта тек қана ер­лер­­ге арналған сән салонын аш­қым келеді. Оған қажеттінің бә­рін қамтып, бизнес жоспар жа­садым. Бастапқыда шамамен 500 мыңнан астам қаржы қажет. Жос­парымды жүзеге асыру үшін еңбектеніп жатырмын, – дей­ді шаштараз.

Ол кәсіп ашудағы қиындық­қа қарамай, қоғамның сұраны­сын да қаперінен шығармайды. Айтуынша, тұтынушылардың қояр талабы жоғары әрі қызмет бағасы қолжетімді болғанын қа­лайды екен.

– Шаштараз болу оңай емес. Тұ­­­тынушылардың көңілінен шы­ғу үшін көп еңбектену керек. Күн­­діз-түні ізденуге тура келеді. Өйт­­кені сән саласында күнде бір жаңалық шығады. Шаш қи­ды­рудың сан түрлі тәсілін оқып, үй­реніп отырмасаң, сән­нен қа­лып қоясың. Соңғы жыл­дары адам­дар қызметтің са­пасымен қа­тар жылдамдығы, қол­жетім­ді­лігіне айрықша мән береді. Сон­дықтан көштен қал­­­майын деп Instagram-да @azamat3789 деген парақ­ша аш­тым. Оның пайдасы тұты­ну­шы­­лармен жұмыс істеуді жеңіл­детеді. Ұсыныс-тілектерін тың­дап, көпшіліктің пікірімен са­на­самын. Өзіммен тағдырлас адам­дар көбінесе, шаш қидыру үшін салонға барып-қайту қиын­дық тудыратынын айтады. Жұ­мыстан соң үйлеріне барып, ша­шын қиып беремін. Олардан ақ­ша алмаймын. Мүмкіндігі шек­теулі замандастарымды қуантқаныма бақыттымын, – дей­ді Азамат Ерғалиев.