Қазақстанда 82 жастағы тұрғын өмірінде бірінші рет жеке куәлік алды
Қазақстанда 82 жастағы тұрғын өмірінде бірінші рет жеке куәлік алды
Фото: Интернеттен алынды
263
оқылды

Оған жеке куәлікті Алматы облысы полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері табыстады.

Одан өзге тағы үш тұрғын алғаш рет ресми түрде тіркелді, – деп жазады «Қазақпарат». Бұдан былай бұл азаматтар Қазақстан Республикасының тең құқылы азаматы болып саналады. Тиесілі  зейнетақысын ала алады.

Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Елмұрат Нұрсейітов: «Бізге қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған оңалту орталығының қызметкері жүгінді. Ол жеке басын куәландыратын құжаты жоқ үш адамның орталыққа орналасқанын жеткізді. Бұл адамдардың ешқашан құжаты болмаған. Кейбірінің тіпті азаматтығы да жоқ еді. Барлық қажетті құжаттарды жинап, тиісті органдарға сұраныс жолдай отырып, біз оларға куәлік тапсырдық. Енді олар біздің барлық азаматтарымыз сияқты мемлекеттік зейнетақыға үміткер бола отырып, күнкөріс үшін қаражат ала алады», – деді.

Оның айтуынша, іс-шара бір реттік акция емес, тұрақты өткізіледі.