Алматыда есірткі тасымалдаушы құрықталды
Алматыда есірткі тасымалдаушы құрықталды
Фото: Интернеттен алынды
239
оқылды

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық істі Наурызбай аудандық Полиция басқармасы жүргізуде.

«Кешкі сағат сегіздер шамасында, Жандосов көшесінде, шаһардың кіреберісінде орналасқан стационарлық экологиялық бекетте мамандандырылған батальон қызметкерлері «Тойота Камри» көлігін тоқтатты. Оның ішінде Меркі ауылының тұрғыны жолаушы ретінде келе жатты. Оның қатысуымен жеке тексеру кезінде процессуалдық тәртіпте ұнтаққа ұқсас заты бар полиэтилен орамы табылып, тәркіленді. Кейінірек сот-химиялық сараптама анықтағандай, ол салмағы 1 келі 088 грамм болатын гашиш болып шықты. Есірткі сатушы өзін-өзі ақтауға тырысты. Ол есірткіні үйден алып келе жатқандығын және тек өз жеке қажеттілігі үшін ғана пайдаланатынын айтты. Шын мәнінде, ол үлкен шаһарға есірткі жеткізудің тұрақты арнасының бірі болуы мүмкін деген нұсқа бар. Осы іс бойынша жедел ақпарат мұқият тексерілуде», – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Мәулен Қасымжан.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 296-бабы 4 бөлімі бойынша тіркелді. Ұсталған азамат Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.