Тапанша атуға жігіттер емес, қыздар бейім
Тапанша атуға жігіттер емес, қыздар бейім
623
оқылды
тапаншамен ату — Қоғамда қалыптасқан түсінік бойынша қыз баласы ошақ қасында, оттың басында болуы тиіс. Қолға суық қару ұстау қыздарға тән емес деген түсінік бар. Осы ретте заман өзгерген сайын қыздардың да кез келген ортада өзін-өзі қорғай алатын деңгейде болуы маңызды дейтіндер де жоқ емес. Сіз алғаш рет қашан қолыңызға қару ұстадыңыз? Қыздар мен жігіттер арасында тапаншамен атуда айырмашылық бар ма? — Нысананы көздеп ату өнерімен 2007 жылдан бастап айналысып келемін. Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен қыздар арасында нысананы көздеп ату бойынша жарыстар жыл сайын ұйымдастырылады. Мен сол жарыста бірнеше рет алдыңғы шептен көрініп жүрдім. Тапанша ұстаған кезде ең бірінші қобалжымау керек. Екіншіден, жан-жаққа назар аудармай нысананы дәл көздеуді әдетке айналдырған жөн. Әркімнің ату әдісі әртүрлі. Біреулер атқан кезде бір көзін жабады. Екінші көздерімен нысананы бағыттайды. Мен бір көзімді жаппай атамын. Республикалық жарыстарда өзіммен бақ сынасқан Алматы, Тараз, Павлодар қалаларының қыздары тапаншамен жақсы ататынын байқадым. Меніңше жігіттерге қарағанда қару атуға қыздар икемдірек, мықтырақ сияқты. Өйткені, әйелдердің жаратылысынан не нәрсеге болмасын мұқият зер салып, мән беріп қарайды. Ату өнері сабырлықты, дәлдікті талап етеді десек, бұл қасиеттер көбіне әйел затының бойынан табылады. — Адамның мінез-құлқы мен табиғаты таңдаған мамандығына сай бейімделіп кететін сияқты. Полиция саласында жүрген қыздар ер мінезді дегенге келісесіз бе? — Әрине, келісемін. Тек қызмет қана емес, өмірдің ауыр өткелдері мен соқпақтарынан талай аналарымыздың ер мінезі болып, тіпті кей еркектер арта бермейтін ауыр жүкті арқалап жүргенін көреміз. Қыз баласы оның ішінде қазақ қыздары нәзіктік, сұлулықпен қатар батылдықты, іскерлікті қатар алып жүреді. Жасыратыны жоқ көшеде бір қызға бірнеше жігіт жабылып кетіпті дегенді талай естіп жүрміз. Жігіттер зорлық көрсетіп, қол көтерген кезде әр қыз өзін қорғай алатын деңгейде болуы керек. Өйткені қазіргі заман сондай. Қатал қоғам болған кезде қыздардың да қаталдыққа төтеп беретіндей күш-жігері болуы тиіс. Қыз баласының спортқа (қандай түрі болмасын) жақын болуынан ата-анасы қорықпауы керек деп ойлаймын. — Әңгіме өзін-өзі қорғау дегеннен шығады. Дамыған елдерді жиі үлгі етеміз ғой. Мысалы, біз дүкенге барып нан сатып алған сияқты Америкада тапанша сатып алу азаматтарға қол жетімді. Осы ретте, бізде қорғану мақсатында тапанша сатып алуды заңдастыру керек деп санайсыз ба? — Бізде белгілі бір мақсаттарға (аң аулау) рұқсатпен сатылатын қарулар бар. Одан бөлек механикалық тозаңдатқыш, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілер, пневматикалық қаруды тіркеу міндетті емес. Қазақстан Республикасы азаматтарының рұқсат алмай-ақ оларды қару жеткізіп берушілерден, заңды тұлғалардан сатып алуға құқығы бар. Ал Америкадағыдай еркін айналымда қару сату мәселесін өз басым қолдамаймын. Ол үшін бекітілген нақты талаптар болуы керек. Әйтпесе «құқығымды қорғау мақсатында аттым» деп талай адам кісі өлтіруі мүмкін. Онысыз да қазір жастарымыз бірін-бірі пышақтап, ұрып-соғып жатыр. — Рақмет!