Маңғыстау облысы ТЖД ақпараты бойынша, базардағы өрт туралы дабыл 27 қыркүйекте сағат 6.55-те түскен. Екі сауда қатары отқа жабылды, 17 сауда нүктесі мен 14 контейнер және жалпы ауданы 750 шаршы метр шатыр астындағы 60 орын өртенді.[caption id="attachment_75378" align="alignnone" width="800"] ©Сурет интернеттен алынды[/caption] "Өрт сағат 9.16-да ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД-нің 68 қызметкері және 13 техника, мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметтерінен 10 адам және 2 техника, медицина және апаттар орталығынан 3 қызметкер және 1 техника, 54 полицей және 25 техника жұмылды", - деді Маңғыстау облысы ТЖД басшысының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров. Өрт 10.27-де сөндірілді. Оның шығу салдары анықталуда [embed]https://youtu.be/qGISd8vbzt8[/embed]
Әбіл Жазира