Елордада 38 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген
Елордада 38 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген
268
оқылды
«Мас жүргізуші» жедел алдын алу шарасының екі күнгі нәтижесі қаладағы көлік қозғалысын бір реттеп алғандай болды. Өйткені полицейлер Жол жүрісі ережесін бұзудың 500-ден астам фактісін анықтап, 45 көлікті коммуналдық айыптұрағына қойған. Мәселен, түнгі уақытта патрульдік полицияның арнаулы батальон қызметкерлері мас күйде Skoda Rapid автомобилін тізгіндеген 29 жастағы жүргізушіні ұстаған. Тексеру барысында оның бұған дейін мас күйде рульге отыр­ғаны үшін көлік жүргізу куәлігінен айырылғаны анықталған. Жүргізуші 15 тәулікке қамауға алы­нып, Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша қылмыстық іс аясында тергеу жүргізіліп жатыр. Жауапты орган мәлі­метінше, көлікті мас күйде басқарған барлық 38 жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынған. Нәтижесінде, олар 7 жылға жүргізуші куәліктерінен айырылды. Осы ретте, полицейлер 2020 жылдың 1  қаң­тарынан бастап көлікті мас күйде жүр­гіз­гені үшін жауапкершіліктің қатаң­дағанын ескертеді.  

Айбике ЖАНАСЫЛ