Болашақ мұғалімдер 42 500 теңге шәкіртақы алып жатыр – Аймағамбетов
Болашақ мұғалімдер 42 500 теңге шәкіртақы алып жатыр – Аймағамбетов
261
оқылды

Бұл туралы білім және ғылым министрі Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Президент тапсырасына сәйкес, педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлерге қойылатын талап күшейеді. Шәкіртақы мөлшері 42 мың теңгеге дейін көбейеді. Былтыр стипендия мөлшері 21 мың теңге болды. Президенттің тапсырмасынан кейін желтоқсан айында 26 мың теңгеге дейін өсті. Ал 1 қыркүйектен бастап болашақ педагогтердің степендиясы 42 мың теңге болды», – деп жазды министр.

Министрдің хабарлауынша, бұл барлық мамандықтардың ішіндегі ең жоғарғы стипендия болады. Сонымен қатар педагогикалық мамандықтарға түсу үшін шекті балл 70-ке көтерілді.

«Педагог мәртебесі туралы заң аясында биыл «Алтын белгі» иегерлерінің арасында педагогикалық мамандықты таңдағандар саны 1,7 есе өсті. Көптеген бағыттар бойынша орташа балл 100-ден асты. Егер бірнеше жыл бұрын педагогикалық мамандыққа түсушілердің орташа балы 65-ті құраса және педагог мамандығы түлектер арасында көп сұранысқа ие болмаса, қазір жоғары балл жинаған мықты түлектер педагогикалық бағыттар бойынша оқуға түсе бастады», – деді министр.