«Коронавирус бойынша 14 жасқа дейінгі балалар арасында барлығы 594 жағдай (4,2%) болса, оның ішінде 252-сінде симптом бар (42%), 342-сі – симптомсыз (58%). 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында 75 жағдай тіркелді.
Жалпы көрсеткіш – 0,5 пайыз (31-інде симптом бар, 44-і симптомсыз)», – деді қаланың бас санитар дәрігері.
Оның айтуынша, көбінесе ауру балалар үйде коронавирусқа шалдыққан тұрғындармен тығыз байланыста болған.
Маусымда мектеп жасына дейінгі балалар арасында 3 симптомсыз жағдай тіркелді.