Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева баспасөз конференциясында айтты.
«6 қыркүйектен бастап оқушылар арасында індет жұқтырудың 6 жағдай тіркелді. Оның ішінде, бір бала мектепке барып оқып жүрген, қалған бесеуі қашықтан білім алды», – деді қаланың санитар дәрігері.
Оның айтуынша, балалармен байланыста болғандардан коронавирус анықталмады.
«Барлығы 13 бала мен 6 мұғалім тексерілді. Мектеп дезинфекцияланды. Оқушылар мен мұғалімдер үйде карантинде болды», – деді Пралиева.