Елордада 6 оқушы коронавирус жұқтырған
Елордада 6 оқушы коронавирус жұқтырған
5,140
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева жаңа оқу жылы басталғалы бері елордада 6 оқушы коронавирус жұқтырғанын айтты. 
«6 оқушы коронавирус жұқтырды. Біреуі кезекші сыныпқа барып жүріп жұқтырса, қалған бесеуі қашықтан оқыған», - деді Пралиева баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, байланыста болған адамдар тексеруден өтті. Мұғалімдер індетті жұқтырмаған.
«Барлығы тексерілді. Ешкімде індет анықталмады. Жалпы 13 бала мен 6 мұғалім тексерілді. Мектепте дезинфекция жүргізілді. Оқушылар мен мұғалімдер үй карантиніне жіберілді», - деді ол.