Алматы облысында оқушы қуатталып жатқан телефонның кесірінен қайтыс болды
Алматы облысында оқушы қуатталып жатқан телефонның кесірінен қайтыс болды
171
оқылды
Алматы облысында 15 жастағы қыз қайтыс болды. Оны ұялы телефонды қуаттап жатқанда ток соққан, - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға 26 қыркүйекте кешкі сағат онда болған. Ведомствоның мәліметінше, оқиға Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы үйлердің бірінде болған.
"Ток соғу салдарынан 15 жастағы кәмелет жасына толмаған қыз бала қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша, қыздың ұялы телефоны қуатталып жатқан, қыз содан токқа түскен. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.