Министр Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Үкіметке сақтық шараларын қабылдауды ұсынды.
«Шетелде коронавирустың жылдам таралуы жағдайдың күрделендіріп отыр. Соны ескере отырып, аурудың Қазақстанда таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен қосымша әуе қатынастарын жандандыруды тоқтату ұсынылады. Сондай-ақ әуе қатынасы қайта ретке келген елдермен әуе рейстерін көбейтпеу қажет. Түркия Республикасына рейстер санын азайтуды ұсынамыз. Екінші санатқа жататын мемлекеттерден келетін адамдарға келесі талаптарды міндеттеу керек: термометрия, анкеталау, коронавирус бойынша тесттен өткені туралы мерзімі көрсетілген анықтама (3 тәулік бұрынғы). Анықтама болмаған жағдайда келген адамдар карантиндік стационарларда екі аптаға дейін оқшауланады», – деді Алексей Цой.
Министр карантин талаптарын сақтамасақ, ауру қайта өршитінін еске салды.